Өңірлер

Петропавлда жоғалған қыздың мәйіті табылды

© PhotoӨзен жағасындағы қыздың сұлбасы
Өзен жағасындағы қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеудің мәліметінше, қыз өзіне қол жұмсаған

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Петропавлда кеше жоғалған 15 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Көл жағасындағы қайық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ертіс өзенінен мәйіті табылған әйелдің кім екені анықталды
Кешеден бері 2002 жылы туған Наталья Путилинаны іздеу жұмыстары жүргізілді, ол 8 қараша күні сағат 15:00 шамасында Петропавлдың Рабочий елді мекеніндегі №27 мектептен шығып кетіп, үйіне оралмаған. Бүгін қыздың мәйіті табылды.  

Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.    


Жаңалықтар
0