АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер әйелін жарақаттап, артынан өзін және үйді өртеп жібермек болған ер адамды жалыннан алып шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыста Вишневка ауылында 43 жастағы ауыл тұрғынына азаматтық некедегі күйеуі пышақ жарақатын салған. Қызылжар АІІБ жедел қызметкерлері оқиға орнына барды.
"Қатты түтін шығып жатты. Біз жүзімізді суланған мойынорағышпен орап алып, терезе арқылы кірдік. Бұл уақытта біздің басқа қызметкерлеріміз фельдшерді шақырып үлгерді", — дейді Данияр Әубәкіров.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Вишневка ауылының 56 жастағы тұрғыны әйелі ауруханаға жатқызылғаннан кейін үйге өрт қойғаны анықталды. Қазіргі таңда оны мүлікті қасақана жою фактісі бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.
Баспанасыз қалған әйел мен балаларға (10 және 12 жастағы қыздар) қазір қайырымды жандар көмектесіп жатыр. Олар қажетті заттарды, жиһаз бен ақша жинап беруде. Қызылжар АІІБ қызметкерлері де қолдан келгенше көмектесуде.