Өңірлер

СҚО-да ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды

© Photo : паблик SKOPETRO в соцсетяхЕр адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл тұрғыны үйді қасақана өртегені үшін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер әйелін жарақаттап, артынан өзін және үйді өртеп жібермек болған ер адамды жалыннан алып шықты, деп хабарлады  Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыста Вишневка ауылында 43 жастағы ауыл тұрғынына азаматтық некедегі күйеуі пышақ жарақатын салған. Қызылжар АІІБ жедел қызметкерлері оқиға орнына барды.   

Операция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысы ІІД: әкесі өз-өзін өртеген кезде зардап шеккен қыз аман қалды
"Жедел жеткен полицейлер күдікті тұрып жатқан үй өртеніп жатқанын көрген. АІІБ криминальды полиция бөлімінің басшысы Данияр Әубәкіров пен жедел уәкіл Сырымбет Жанпейісов үйге кірмек болады, алайда есік ішінен жабылған екен. Терезені сындырып, түтіндеп жатқан үйге кірген жедел уәкілдер адамның сырылынан ғана әрең дегенде жерде ес-түзсіз жатқан ер адамды іздеп тапқан", — деп хабарлады ішкі істер департаментіндегілер.

"Қатты түтін шығып жатты. Біз жүзімізді суланған мойынорағышпен орап алып, терезе арқылы кірдік. Бұл уақытта біздің басқа қызметкерлеріміз фельдшерді шақырып үлгерді", — дейді Данияр Әубәкіров. 

© Photo : паблик SKOPETRO в соцсетяхЕр адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды - Sputnik Қазақстан
1/2
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
© Photo : паблик SKOPETRO в соцсетяхЕр адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды - Sputnik Қазақстан
2/2
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
1/2
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды
2/2
Ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Вишневка ауылының 56 жастағы тұрғыны әйелі ауруханаға жатқызылғаннан кейін үйге өрт қойғаны анықталды. Қазіргі таңда оны мүлікті қасақана жою фактісі бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.  

Баспанасыз қалған әйел мен балаларға (10 және 12 жастағы қыздар) қазір қайырымды жандар көмектесіп жатыр. Олар қажетті заттарды, жиһаз бен ақша жинап беруде. Қызылжар АІІБ қызметкерлері де қолдан келгенше көмектесуде.   


Жаңалықтар
0