Спорт

Зарина Дияс Шэньчжэньдегі турнирде Мария Шараповадан жеңіліп қалды

Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Шэньчжэньдегі (Қытай) турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады  Sports.kz.  

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға қандай спорт түрлерінен қатысады?
Дияс ширек финалда WTA рейтингінде 59-орында тұрған ресейлік Мария Шараповадан 6:3, 6:3 есебімен ұтылып қалды. 

Шарапова енді чехиялық Катерина Синякова – Кристина Плишкова жұбының жеңімпазымен кездеседі.   

 Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді.

Шэньчжэньдегі турнирде Зарина Дияс француз Полин Пармантье (6:3, 6:4) мен қытайлық Чжан Шуайды (6:3, 6:7, 6:4) ұтқан болатын.