Спорт

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға қандай спорт түрлерінен қатысады?

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБиатлон. Чемпионат мира. Смешанная эстафета
Биатлон. Чемпионат мира. Смешанная эстафета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қысқы олимпиада ойындары 2018 жылы 9-25 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында қазақстандық спортшылардың қысқы олимпиада ойындарына дайындығын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Баландин мен Рахимов әскер қатарында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олимпиада чемпиондары Қазақстан әскері қатарына қосылды

Мұхамедиұлы 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарының ашылуына 86 күн қалғанын атап өтті. 

"Өздеріңізге белгілі 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы. 2017 жылғы Алматы қаласында өткен дүниежүзілік қысқы универсиаданы жоғары деңгейде өткізуден және онда сапалы өнер көрсетуден кейінгі министрліктің маңызды мәселесі Пхенчхан қаласында 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың лицензиялық жарыстарда сапалы өнер көрсетуін және жақсы функционалдық жай-күйінің болуын қамтамасыз ету болып саналады", — деді министр.

Олимпиада ойындарына 80-нен астам елден 5 мыңнан астам спортшы және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Жалпы, байрақты бәсекеде 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Ал Қазақстанның спортшылары 9 спорт түрінен бақ сынайтын болады. 

"Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен, атап айтқанда биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаил, акробатика могул бойынша қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында жеке команда ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткені баршамызға мәлім», — деді Мұхамедиұлы.

Министр еліміздің ұлттық құрамасы тәуелсіздік жылдарында қысқы Олимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алғанын еске салып өтті. 

Жаңалықтар
0