Қоғам

Олимпиада чемпиондары Қазақстан әскері қатарына қосылды

Жазылу
Әскер қатарында қызмет етуі спортшылардың жаттығулары мен кезекті жарыстарға дайындығына кедергі келтірмейді

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Олимпиада чемпиондары Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландин Қазақстан әскері қатарына қосылды деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.

Қазақстан Рио Олимпиадасында - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Олимпиада "жемісі"

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада еліміздің абыройын асқақтатқан Қазақстан чемпиондары спортты біраз уақыт қоя тұрып, отан алдындағы борыштарын өтемекші.

"Спортшылар Олимпиададан біраз бұрын әскер қатарына шақырылған еді, енді Астана әскери бөлімшесінде қызмет ететін болады. Алда жоспарланған жарыстарға әскер қабырғасында жүріп дайындалуға тура келеді, алайда бұл атлеттердің дайындығына еш кедергі келтірмейді", — деп хабарлайды федерация.

© Photo : Қазақстанның ауыр атлетика федерациясыНижат Рахимов әскерде
Нижат Рахимов әскерде - Sputnik Қазақстан
1/2
Нижат Рахимов әскерде
© Photo : Қазақстанның ауыр атлетика федерациясыРахимов пен Баландин әскер қатарына қосылды
Рахимов пен Баландин әскер қатарына қосылды - Sputnik Қазақстан
2/2
Рахимов пен Баландин әскер қатарына қосылды
1/2
Нижат Рахимов әскерде
2/2
Рахимов пен Баландин әскер қатарына қосылды

"Әр адам Отанына қызмет етуі қажет. Әскер – әрбір ер-азамат басынан өткеруге тиіс мектеп. Мен әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы мақтанышпен кидім", — деп ойымен бөлісті Нижат Рахимов. 

Жаңалықтар
0