АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Шэньчжэньдегі (Қытай) турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Sports.kz.
Дияс ширек финалда WTA рейтингінде 59-орында тұрған ресейлік Мария Шараповадан 6:3, 6:3 есебімен ұтылып қалды.
Шарапова енді чехиялық Катерина Синякова – Кристина Плишкова жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді.
Шэньчжэньдегі турнирде Зарина Дияс француз Полин Пармантье (6:3, 6:4) мен қытайлық Чжан Шуайды (6:3, 6:7, 6:4) ұтқан болатын.