Әлем

"Әйелдің бәрі - жезөкше": қыз-келіншектерді аяусыз өлтірген атышулы қанішерге үкім шықты

© AP Photo / Marcelo RuizӘйелдер
Әйелдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Ресей, Украина және Өзбекстанда жантүршігерлік қылмыс жасаған

АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Мәскеу қалалық сотында "ақ қолғапты маньяк" деген атпен танымал 46 жастағы Өзбекстан азаматы Бақтияр Матякубовқа үкім шықты. Ресейде, Украинада, Өзбекстанда қыз-келіншектерді өлтірген ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп жазады "Комсомольская правда".

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр

Матякубовқа Мәскеуде және Мәскеу маңында бес әйелді аяусыз өлтірді деген айып тағылған. Бұдан бөлек, ол Украина мен Өзбекстанда да сонша әйелдің жанын алған екен. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындады. Ол бұл қылмысқа әйел атаулыны жек көргендіктен, оның бәрін жезөкше деп санағандықтан барғанын айтты.

Матякубов бала кезінен қолына ақ қолғап киюді әдетке айналдырыпты: құрбандарын ақ қолғап киіп өлтірген ол көп ұзамай "ақ қолғапты маньяк" деген лақап атқа ие болады. Мәскеу қалалық соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тура осындай үкімді бұдан бұрын Украина соты да шығарған еді. Енді ол туған жері – Өзбекстанға депортацияланбақ.

Тергеу кезінде Матякубовтың інісі ағасының ашуланшақ екенін, үнемі пышақ ұстап жүретінін, одан отбасы мүшелерінің өзі де қорқатынын айтқан. Маньяктың құрбаны болған он шақты әйелдің тең жартысы - мәскеуліктер. Қылмыскер оларды төрт айдың ішінде өлтірген.

"Бұған дейін де әйел зорлап, кісі тонағаны үшін Өзбекстанда түрмеге отырып шығыпты. Түрмеде отырғанында әйелі басқа біреумен көңіл қосқан екен. Түзету мекемесіндегі жағдайы мәз болмады. Осының бәрі Матякубовтың ақыл-есіне әсер етіп, психикасын бұзған", - делінген тергеу қорытындысында.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жасөспірім қанішерлер: Риддерде бомждарды айуандықпен өлтірген балалардың оқиғасы

Өзбекстанда түрмеден босап шыққан соң сотталушы Санкт-Петербургке кетіп қалады. Мұнда бір қызбен танысып, көңіл жарастырған, алайда көп ұзамай қызы тастап кетіпті. Ашуға булыққан Матякубов Мәскеуге қарай тартады. Жолда көлігіне бір әйел отырып, оны жеңіл жүрісті деп санаған қылмыскер жолаушыны пышақтап, шұңқырға лақтырған. Осылайша бұрынғы сүйіктісінен ала алмаған өшін басқа әйелден алыпты. Құрбанның денесі жарты жылдан соң бір-ақ табылады.

Ең соңғы қылмысын Мәскеудегі жыныстық қатынасқа қажетті заттар сататын дүкенде жасаған. Туған күнінде Матякубовқа ақша қажет болады. Арам ойын іске асырғысы келген ол сатушыдан неге мұндай жерде жұмыс істейтінін сұрайды. Әйел шатағың болмасын деп жауап қайырған. Сол кезде ол сатушыға тап беріп, 15 рет пышақ салады. Жантүршігерлік қылмыс жасаған соң, дүкеннен ақша және бірқатар тауарды тонап кетеді. Бірақ бақылау камерсына түсіп қалғандықтан, екі күннен кейін Киевте ұсталған.

Жаңалықтар
0