Оқиға

Жасөспірім қанішерлер: Риддерде бомждарды айуандықпен өлтірген балалардың оқиғасы

CC0 / Wokandapix / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскүнемдердің ең кішісі небәрі 13-те болатын. Ересегі – одан екі жас үлкен. Қоғамды "керексіз жандардан" тазартамыз деп, үш кісіні өлтірген олар ақыры соңына дейін игі іс жасадық деген сенімде болды...

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik, Александр Мироглов. 2010 жылы 22 қазан күні таңертең Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының ішкі істер басқармасына қала шетіндегі жылу трассасы өтетін жерде ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат түседі. Куәгер қаза тапқан адамның бет-аузының сау тамтығы қалмағанын жеткізген.

Балға - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Бөлшектеп, пакетке тыққан": досын асқан жауыздықпен өлтірген Шымкент тұрғынына үкім шықты

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шұғыл аттанды. Құрбанның ұсқынын көріп ең тәжірибелі деген қызметкерлердің өзі есеңгіреп қалған.

Адам танымас күйге түскен жергілікті қаңғыбастың мәйіті жылу трассасынан елу метрдей жерде табылыпты. Бұл жерді үйсіз-күйсіздер ызғарлы түні паналайтын. Ер адамның кім екені саусақ іздері арқылы анықталды: жантүршігерлік жағдайда ажал құшқан Сергей Сазыкин болып шықты.

Осы аумақты мекендейтіндердің кісі өліміне қатысын тексеру үшін полицейлер жақын маңдағы кәріз құдығына барады.

Төменде оларды тағы бір "тосынсый" күтіп тұрған еді: қоқыстың арасында жергілікті бомж Валерий Давиденконың жансыз денесі жатты. Мойнына арқан ба, әлде ескі электр сымы ма – жіңішке бау оралған. Бірақ, кейінірек сарапшылар анықтағандай, ер адамды тұншықтырып емес, ауыр затпен басынан ұрып өлтіріпті. Тәртіп сақшылары құдықтың ішін тінтіп жатқанда, жоғарғы жақтағылар тағы бір мәйітті тауып алды.

Нож в руке мужчины, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды  

Маңайды тексеріп жүрген учаскелік инспекторлар Светлана Хлабозованың денесін тапқан. Ол да үйсіз-күйсіздердің бірі екен. Мәйіттің белден төмен жалаңаш күйінде жатқанына қарағанда, қылмыскер өлтірмес бұрын әйелді зорлаған, деп пайымдады полиция.

Бірақ сол күнгі оқиғалар желісі мұнымен аяқталмады. Полиция қызметкерлері тағы екі бомжға кез болған. Олар тірі жатса да, өмірлері қыл үстінде тұрған еді. Ер адамдар ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

"Тентек" және оның бандасы

Бомждарды жылу трассасы құдықтарын мекендеуші бәскелестері өлтірді деген болжам тергеудің алғашқы сағаттарында-ақ расталмады. Дегенмен қаскүнемдерді табуға көмектесетін айғақ пайда болды.

Адамның қолы  - Sputnik Қазақстан
"Төсегі қан-қан": адам жегіш дәрігердің қорқынышты қылмысы туралы көршілері айтып берді

Бұл жайтты естіп, үрейі үшқан үйсіз-күйсіздер полицейлерге бар білетінін жайып салды. Олардың айтуынша, жергілікті жасөспірімдердің бірі талай рет ұрып-соғып, әлімжеттік жасап, көшеде кез болса, аямайтынын айтып қоқан-лоққы көрсеткен екен.

Иванды (аты өзгертілген) жергілікті полиция да жақсы танитын болып шықты. Он бес жасар бала бомждарды ғана емес, бүкіл көршісін үрейде ұстап келген көрінеді. Себебі ішімдік ішіп алса болды, аяушылық сезімінен айырылып, нағыз қаныпезерге айналатын. Полиция бөлімі оның екінші үйі іспетті. Мұндағылар тіпті "Тентек" деген ат қойыпты.

Бозбала жасаған қылықтарының арқасында он төрт жасында мінезі қиын жасөспірімдерге арналған мектепке жіберіледі. Ескерту жасаған өгей әкесін аяусыз соққыға жыққаны үшін түзету мекемесінен бір-ақ шығыпты.

Зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өлтіріп, көміп кеткен: Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған қыздың денесі табылды

Арнайы мектепте оқып жүріп, қатарластарымен талай қақтығысқа түскен оның өмірде күш қолданып қана көздегеніңе жетуге болады деген сенімі арта түседі.  

Түзету мекемесінен шыққан соң басынан кешкен жайттарды айтып, достарына мақтанып, жасөспірімдер арасында ерекше беделге ие болған.

Мектепте де дөрекілігі бір басына жетерлік еді, өзінің құрдастарына ғана емес, жоғары сынып оқушыларына да күн көрсетпейтін. Көп ұзамай сотқар "көшбасшыны" пір тұтқан жақтастары да пайда болды.

Көшені "сасық қаңғыбастардан" тазарту

Есігінің алдында полицейлерді көрген ол таңғалған да жоқ. "Тентек" мойындағандай, бұдан бұрын жергілікті бомждармен жанжалдасып, осы көшеден кезіксе, аямайтынын ескерткен екен.

Сотталушы әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бәрін басқарған сол": Денистің отбасының адвокаты сотталушы жүкті әйелге 20 жыл сұрады

Жасөспірім тәртіп сақшыларынан көкейіндегі арманын да жасырмады. Ол өзі тұратын көшені әбден мезі қылған қаңғыбастардан тазартуды алдына мақсат қойса керек. Айтпақшы, тергеушімен әңгіменің бірінде өзі айтқандай, интернеттегі бейнероликтердің бірін көргеннен соң өмірлік мақсаты қайыршылардың көзін құрту деген шешімге келіпті.

Жасөспірім сыбайластарының есімін айтып берді. Өзінің ең жақын достары – құрдасы Дима мен 13 жастағы Михаил. Айта кетсек, екеуі де Иван сияқты тұрмысы нашар отбасыдан шыққан, ішімдікке салынған ата-аналары ұлдарының не істеп, не қойып жүргеніне мән бермеген.

Полицейлер сол күні Иванның сыбайластарын ұстады. Балалардың аяқ киімі мен киім-кешектерін де тәркілеген. Бәрін жуып-тазалап үлгерсе де, қанның ізі кетпеген көрінеді.

Жасөспірімдер бомждарды қалай өлтірді

21 қазан күні кешкісін жасөспірімдер қала шетіндегі теміржол өткелі маңына жиналып, ішімдік ішіп отырады. Кенет масайған балалардың көзіне жергілікті үйсіздердің бірі Александр Тихонов түседі. Қаңғыбастың алдынан шыққанына қатты ашуланған жасөспірімдер бомждың сазайын беруге бел буады.

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытайда отыз жылдай қолға түспеген кісі өлтіргіш өлім жазасына кесілді

Қайыршының тыйымды бұзғанын еске салып, артынша балағат сөз естіген балалар әбден ызаға булыққан екен. Бейбақты аяусыз соққыға жығып, үні өшіп, қимылсыз қалғанда ғана тоқтаған. Таяқ жеп жатып, есінен танып қалған Тихонов өз өмірін аман алып қалса да, жылу трассасын мекендейтін басқалардың ажалына себепші болды.

Ер адамды өлді деп ойлаған жасөспірімдер жақын маңда үйсіз-күйсіздердің көп жүретінін еске түсіреді. Ашуы басылмаған олар құдықтың барлық тұрғынының көзін құртпақ болған. Сөйтіп, олар "мекеніне" қайтып келе жатқан тағы бір қаңғыбасқа кезігеді.

Үшеуі әй-шәй деместен ер адамға тап береді. Тергеу мәліметіне сүйенсек, олар бомжды он бес минут ұрып-соғыпты, содан соң оны өлді деп қателесіп, кете барған.

Қалған құрбандарын қаскүнемдер құдықтан табады. Сазыкин мен Хлабозова сыртқа қашып бара жатқанда, үшіншісін (Давыденко) жас қанішерлер құдықта өлтірген. 13 жастағы Михаил оны қылқындыра алмаған соң, жерде жатқан көліктің рөлімен басынан ұрып-ұрып, сұлатады.

"Кіші" қаскүнемнің әңгімесі және үкім

Ауыр қылмысқа барардың алдында ғана он үш жасқа толған Михаил сол күні болған оқиғаның анық-қанығын айтып берді. Баланы ұстаған жедел қызметкерлер әуелі қатты таңырқап қалыпты: түріне қараса, он жасар бала сияқты. Бойы жүз отыз сантиметр, арық, кісі өлтіргішке мүлдем ұқсамайды. Бірақ айтқан әңгімесінен төбе құйқаң шымырлайды.

Сүймен ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Ресейде бұрынғы милиционер елсіз жерде 81 адамды өлтіргені үшін сотталды

Ол қаңғыбастарды қалай қырғандарын баяндады: жерге жатқызып, кеуделеріне секірген, сүйектерін сындырып, қолға түскен қатты затпен аяусыз төмпештеген, әйелдің басын таспен жарып, кейін іш киімін шешіп, өртемек болыпты. Осының бәрін жасөспірімдер сол күні-ақ құрбыларына мақтанышпен жеткізген көрінеді.

Олар ақыры соңына дейін ерлік жасадық деген сенімде болды. Тергеу барысында да, сот кезінде де айыптаудың байыбына бармай, сұрақтарға қасқайып тұрып жауап берді: себебі олар қоғамды "керексіз жандардан" тазарттық деп санаған.

Содан болса керек, соттың қатал үкімін ешқайсысы күтпеген еді. Сөйтіп, жас қанішерлердің рқайсысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ең қорқыныштысы, үкімді тыңдап тұрған сәтте де балалардың жүзінен сәл де болсын өкініштің нышаны байқалмады.

Жаңалықтар
0