Әлем

"Төсегі қан-қан": адам жегіш дәрігердің қорқынышты қылмысы туралы көршілері айтып берді

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көршілері жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адамның ауруханаға еш қиындықсыз жұмысқа тұрғанына аң-таң

АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Ресейде психиатриалық диспансерде ұзақ жыл емделіп, Челябинск қаласындағы  № 11 ауруханаға жұмысқа тұрған Борис Кондрашиннің көршілері "дәрігер" 1998 жылы жасаған сұмдық қылмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Лайф" басылымы.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыс: ер адам үш ауылдасын өлтіріп, өртеп жіберген

"Ол адамға екпе салып өлтірген, кейін мәйітін бөлшектепті. Үйіміз кірпіш болғандықтан, дауыстар онша естілмейді, — дейді Кондрашиннің көршісі Нина Григорова. — Содан соң формалинде адамның қолы, көзі табылды".

Әйелдің сөзіне сүйенсек, жантүршігерлік қылмыс жасаған жігіттің медициналық мекемеге жұмысқа тұрғанын естіген көршілері жағасын ұстап отыр екен.

"Сол сұмдық жайттан кейін біз куәгер болдық. Төсегінің астынан табылған жыртық жейде, жатын орны – түгел қан-қан. Балконнан халаты мен құралдары шықты. Құралдарын жуып қойыпты",  — деп еске алды тағы бір көршісі Татьяна Трошенская.

Кондрашин жұмысқа тұрған аурухана бас дәрігерінің орынбасары Веста Титова басылымға хабарлағандай, қызметкерлердің ешқайсысы ер адамның бұрынғы өмірі жайында білмепті.

"Қарапайым кісі. Ешбір агрессия байқамадық", — деді ол.

Нарын облысындағы бір отбасыны өлтіріп, өртеп жіберген үй - Sputnik Қазақстан
Нарындағы жантүршігерлік қылмыс: әйел мен екі немересін аяусыз өлтіріп кетті

Кондрашин жұмысқа тұрған кезде білімі туралы құжаттары тексеруге жіберіліпті, жалған екені анықталған соң құқық қорғау органдарына жөнелтілген.

Кейінірек белгілі болғандай, ер адамның ақыл-есі дұрыс емес болып шықты. Он алты жасында өз құрдасын өлтіріп, вампирмін деп қанын ішкен екен.

Челябинск қаласының денсаулық сақтау басқармасы Кондрашиннің қалай жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ер адам барлық құжаттарды тапсырған, тек еңбек кітапшасы жоғалып қалды деген соң, жаңадан бастапты. Негізінде Кондрашин ешқашан жұмыс істемеген болатын, ұзақ жыл психиатриялық диспансерде емделген.

Жаңалықтар
0