Әлем

Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Істі Өзбекстанның бас прокуратурасы ерекше бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қарақалпақстанның Хожейлі ауданында жеке үйден ана мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстанға оқиғаның басы-қасында жүрген дереккөз.

"Трагедия ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдан кейін болған. Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді дереккөз.

Балалардың ең кішкентайы үш айлық болған.   

Балға - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Бөлшектеп, пакетке тыққан": досын асқан жауыздықпен өлтірген Шымкент тұрғынына үкім шықты
Дереккөз барлық мәйіт үйде болғанын нақтылады. Бұған дейін өзбек БАҚ-тары әйел мен нәресте құдықтан табылғанын хабарлаған еді.  

Дереккөздің айтуынша, аудан тұрғындары оқиғадан кейін үрей құшағында отыр. Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 97-бабы 2-бөлігінің "а" тармағына сәйкес (қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

 

Жаңалықтар
0