Мәслихаттар сайлауы: 100-ден астам учаске бір сағат бұрын ашылды

© Sputnik/Айдана ДайыроваВ Алматы проходят внеочередные выборы депутатов маслихатов
В Алматы проходят внеочередные выборы депутатов маслихатов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2026
Жазылу
Олардың басым бөлігі - әскери бөлімдер
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталып, дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

100-ден астам учаске бір сағат бұрын ашылды

Бүгін таңғы сағат 06:00-ден бастап 101 учаске өз жұмысын бастады. Олардың басым бөлігі - әскери бөлімдер. Сондай-ақ вахталық және үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындардағы учаскелер бір сағат бұрын ашылды.
Қалған сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де дауыс беру басталды.
Жалпы, республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал дауыс беретіндердің тізіміне 12 679 459 адам енгізілген.

Сайлау учаскесін қалай білуге болады

Қазіргі кезле GOV.KZ платформасында әрбір адамның сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервистер бар.
Сайлаушы өз өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады:
https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
https://sailau.gov.kz/kk
https://sailau2026.gov.kz/kk.
Сонымен қатар, өз сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGovMobile қосымшасында да қолжетімді.
ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2026
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды
Жаңалықтар
0