https://sputnik.kz/20261128/byudzhet-boyynsha-kelispeushilik-euroodaqty-ekige-bolui-mumkin---sayasattanushy-68899922.html
Бюджет бойынша келіспеушілік Еуроодақты екіге бөлуі мүмкін - саясаттанушы
Бюджет бойынша келіспеушілік Еуроодақты екіге бөлуі мүмкін - саясаттанушы
Sputnik Қазақстан
Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы аз қамтылған елдер бай көршілерінен көбірек қаржылық қолдау мен ынтымақтастықты талап етіп отыр 28.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-28T14:57+0500
2026-11-28T14:57+0500
2026-11-28T15:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67889157_0:28:3053:1745_1920x0_80_0_0_2eda67eea9dc1e7400a9a6d09ea57648.jpg
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Саясаттанушы Александр Рардың айтуынша, бюджеттік келіспеушіліктер Еуропалық одақты солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөлінуіне әкелуі мүмкін.Оның айтуынша, Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы аз қамтылған елдер бай көршілерінен көбірек қаржылық қолдау мен ынтымақтастықты талап етіп отыр. Ал Германия бастаған солтүстік елдер дағдарыс кезінде барлығы шығындарды тең бөлуі керек деп санайды, деп түсіндірді саясаттанушы.Ол Германия канцлері Фридрих Мерцтің ұстанымы Еуроодақтың барлық елі Еуропаны милитаризациялауға және Украинаға көмек көрсетуге үлестерін арттыруы керек деп санайды."Бұл көзқарасты Франция, Италия және Польша құптамйды: бұл жақта келесі жылы сайлау өтеді, ал билік өз рейтингтерінің төмендеуінен қорқады. Бұл елдер үшін өз сайлаушылары мен ұлттық қажеттіліктері маңыздырақ. Олардың пікірінше, Украинаны немістер қаржыландыруы керек", - деді саясаттанушы.Ол сондай-ақ бұл келіспеушіліктер Еуропадағы солтүстік пен оңтүстік аймақтарға бөлінуін ушықтырады деп болжайды.Бұған дейін, Брюссель саммитінен кейін Еуроодақ басшылығы кездесуде екі негізгі қаржылық мәселе бойынша ілгерілеудің мүлде болмағанын мойындады: яғни, Еуроодақтың 2028-2034 жылдарға арналған көпжылдық бюджетін келісу және Украинаға жаңа 45 миллиард еуро несие беру.
https://sputnik.kz/20261127/vengriya-ukrainaga-eo-byudzhetinen-100-mlrd-euro-boluge-qarsy-shyqty-68888097.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67889157_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_ace93d5e4657ffdc0f47040122184bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бюджет бойынша келіспеушілік Еуроодақты екіге бөлуі мүмкін - саясаттанушы
14:57 28.11.2026 (жаңартылды: 15:00 28.11.2026) Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы аз қамтылған елдер бай көршілерінен көбірек қаржылық қолдау мен ынтымақтастықты талап етіп отыр
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Саясаттанушы Александр Рардың айтуынша, бюджеттік келіспеушіліктер Еуропалық одақты солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөлінуіне әкелуі мүмкін.
Оның айтуынша, Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы аз қамтылған елдер бай көршілерінен көбірек қаржылық қолдау мен ынтымақтастықты талап етіп отыр. Ал Германия бастаған солтүстік елдер дағдарыс кезінде барлығы шығындарды тең бөлуі керек деп санайды, деп түсіндірді саясаттанушы.
"Еуроодақ басшылығында айқын келіспеушілік байқалады: бай елдер енді кедей елдер үшін ақша төлегісі келмейді", - деді Рар "Взгляд" газетіне.
Ол Германия канцлері Фридрих Мерцтің ұстанымы Еуроодақтың барлық елі Еуропаны милитаризациялауға және Украинаға көмек көрсетуге үлестерін арттыруы керек деп санайды.
"Бұл көзқарасты Франция, Италия және Польша құптамйды: бұл жақта келесі жылы сайлау өтеді, ал билік өз рейтингтерінің төмендеуінен қорқады. Бұл елдер үшін өз сайлаушылары мен ұлттық қажеттіліктері маңыздырақ. Олардың пікірінше, Украинаны немістер қаржыландыруы керек", - деді саясаттанушы.
Ол сондай-ақ бұл келіспеушіліктер Еуропадағы солтүстік пен оңтүстік аймақтарға бөлінуін ушықтырады деп болжайды.
"Мерц пен Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге Еуроодақтың қалған елдерін тәртіпке келтіру қиындап барады. Соған қарамастан, олар ортақ бюджетті бекітпеу бәрінен бұрын кедей елдерге қатты соққы болады деу арқылы қысым жсауын күтуге болады", - деді Рар.
Бұған дейін, Брюссель саммитінен кейін Еуроодақ басшылығы кездесуде екі негізгі қаржылық мәселе бойынша ілгерілеудің мүлде болмағанын мойындады: яғни, Еуроодақтың 2028-2034 жылдарға арналған көпжылдық бюджетін келісу және Украинаға жаңа 45 миллиард еуро несие беру.