Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаға ЕО бюджетінен 100 млрд еуро бөлуге қарсы шықты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЗдание парламента Венгрии в Будапеште
Здание парламента Венгрии в Будапеште - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Венгрия Украинаға Еуропалық одақтың жаңа жетіжылдық бюджетінен 100 млрд еуро бөлуге қарсы. Бұл туралы ел премьер-министрі Петер Мадьяр Брюссельдегі келіссөзден кейін мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы жеті жылда Венгрия ЕО бюджетінен шамамен 15 млрд еуро таза пайда көрмек. Ал Украинаға 100 млрд еуро бөлу жоспарланып отыр.
"Бұл, әрине, біз үшін қолайсыз", – деді Мадьяр.
Ол бюджет тапшылығына тап болған елдерден Украинаға қомақты қаржы бөлуді талап ету дұрыс емес екенін атап өтті.
Премьер-министрдің сөзінше, Еурокомиссия бір жағынан мүше мемлекеттерден бюджет тапшылығын қысқартуды талап етсе, екінші жағынан Брюссельдің ортақ шешімдері бойынша шығынды көбейтуді сұрайды. Осы мәселеде Будапешт пен Еурокомиссияның ұстанымдары бір-бірінен алшақ.
Сенбі күні Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта ЕО-ның 2028–2034 жылдарға арналған жаңа бюджет жобасын таныстырды. Құжат бойынша одақтың жалпы шығыны Еурокомиссияның бастапқы ұсынысымен салыстырғанда 204 млрд еуроға қысқармақ. Бастапқы жоба бюджет көлемін шамамен 2 трлн еуро деп белгілеген. Алайда Украинаға арналған 100 млрд еуро резерв өзгеріссіз қалды.
Петер Мадьяр выступает перед журналистами - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия ЕО-ның 45 млрд еуролық кредитіне қатысқысы келмейді – Мадьяр
Жаңалықтар
0