https://sputnik.kz/20261128/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-28-qarasha-68877587.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 қараша
Sputnik Қазақстан
28 қарашада не болғанын білесіз бе? 28.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-28T00:01+0500
2026-11-28T00:01+0500
2026-11-28T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061199_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_b1329c5c635e6c6fede1032fe5e31096.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.28 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болдыЖыл сайын 28 қараша күні Бүкіләлемдік аяныш білдіру күні атап өтіледі. Бұл мейрамның негізін үнді ақыны, журналист, продюсер, саясаткер Притиш Нанди қалады. Бұл мереке бізді ешкімді қорламауға (ұру, жою, бұзу және т.б.) үндейді. Жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтатынын ұмытпаған абзал.Мажарстанда мас кірпі күні деп аталатын ежелден келе жатқан дәстүр бар. Бұл мейрам егін жинау науқанына арналған. Бұл күн кездейсоқ таңдалынып алынбаған. 28 қарашада Мажарстанда егін жиналып болады да, оның "басты күзетшісінің" құрметіне той-думан басталған.Бұл дәстүр неден басталады? Бірде фермерлердің бірі далада тастап кеткен сырасын кірпілердің ішіп қойғанын көреді. Ал таңертең ол бақшадағы жемістерге тышқандар мен егеуқұйрықтардың көп тиіспегенін байқайды, сөйтіп тәжірибесін жалғастыруды шешеді.Белгілі болғандай, сыра ішкен кірпілер агрессияға бой алдырып, өздері тұрып жатқан аумақты барынша қорғайды екен. Содан көптеген шаруалар осы "рецептіні" пайдалана бастаған. Күнде кешке олар бақшасына сыра құйылған ыдыс қалдырып отырады, бұл тәжірибе көп күттірмей нәтижесін берген.28 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1520 жылы португалдық саяхатшы Фернан Магеллан Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі бұғаздан өтіп, Тынық мұхитына шықты;1670 жылы Париждегі "Пале-Рояль" театрында Мольердің "Мещанин во дворянстве" пьесасының тұсаукесері өтті;1893 жылы Жаңа Зеландияда әйелдер алғаш рет парламенттік сайлауда дауыс беру құқығына ие болды;1925 жылы АҚШ-тың Нэшвилл қаласында әйгілі "Grand Ole Opry" музыкалық радиобағдарламасы алғаш рет эфирге шықты;1964 жылы Марсқа "Маринер-4" америкалық автоматтық станциясы ұшырылды;1974 жылы "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде өткен Элтон Джонның концертінде Джон Леннон соңғы рет өнер көрсетті.28 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады;1963 жылы Алматыда Мұхтар Әуезовтің мемориалдық музейі ашылды;1992 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы уақытша импорттық кеден тарифі туралы" жарлығы жарияланды;2000 жылы Қазақстанда жыл сайын берілетін тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының негізі қаланды;2001 жылы қаратеңіздік Новороссийск портынан Теңіз мұнайы тиелген алғашқы танкер шықты;2005 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін зауыт іске қосылды;2005 жылы Алматыда қазақстандық "Ұлытау" аспаптық ансамблінің алғашқы жеке альбомының таныстырылымы өтті.28 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар1757 жылы ағылшын жазушысы және суретші Уильям Блейк дүниеге келді;1820 жылы неміс философы, экономист және Карл Маркстің серіктесі Фридрих Энгельс дүниеге келді;1880 жылы орыс ақыны, XX ғасырдағы орыс әдебиетінің классигі, Ресейдің ұлы ақындарының бірі Александр Блок дүниеге келді;1881 жылы австриялық жазушы, драматург әрі журналист Стефан Цвейг дүниеге келді;1907 жылы итальяндық жазушы, "Римдік әйел" романының авторы Альберто Моравиа дүниеге келді;1908 жылы француз антропологы, этнолог Клод Леви-Стросс дүниеге келді.1919 жылы РСФСР мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Михаил Жарковский өмірге келді, ол "Семнадцать мгновений весны" фильмінде Кальтенбруннердің рөлін сомдаған.28 қарашада Қазақстанда кім туды1924 жылы тау-кен инженері, мемлекет және қоғам қайраткері Зауре Омарова дүниеге келді;1928 жылы биология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Серікхан Сыбанбаев дүниеге келді;1935 жылы Қазақстанның мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, аудармашы Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді.1949 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Талдықорған облысының әкімі және Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Серік Ахымбеков дүниеге келді;1959 жылы қоғам қайраткері, IV шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған Людмила Хочиева дүниеге келді;1981 жылы VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған Таңсәуле Серіков дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20261127/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-27-qarasha-68832733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061199_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_4b7a559144ee17d62db43274ab07a945.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 қараша
28 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
28 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды
Жыл сайын 28 қараша күні Бүкіләлемдік аяныш білдіру күні атап өтіледі. Бұл мейрамның негізін үнді ақыны, журналист, продюсер, саясаткер Притиш Нанди қалады. Бұл мереке бізді ешкімді қорламауға (ұру, жою, бұзу және т.б.) үндейді. Жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтатынын ұмытпаған абзал.
Мажарстанда мас кірпі күні деп аталатын ежелден келе жатқан дәстүр бар. Бұл мейрам егін жинау науқанына арналған. Бұл күн кездейсоқ таңдалынып алынбаған. 28 қарашада Мажарстанда егін жиналып болады да, оның "басты күзетшісінің" құрметіне той-думан басталған.
Бұл дәстүр неден басталады? Бірде фермерлердің бірі далада тастап кеткен сырасын кірпілердің ішіп қойғанын көреді. Ал таңертең ол бақшадағы жемістерге тышқандар мен егеуқұйрықтардың көп тиіспегенін байқайды, сөйтіп тәжірибесін жалғастыруды шешеді.
Белгілі болғандай, сыра ішкен кірпілер агрессияға бой алдырып, өздері тұрып жатқан аумақты барынша қорғайды екен. Содан көптеген шаруалар осы "рецептіні" пайдалана бастаған. Күнде кешке олар бақшасына сыра құйылған ыдыс қалдырып отырады, бұл тәжірибе көп күттірмей нәтижесін берген.
28 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1520 жылы португалдық саяхатшы Фернан Магеллан Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі бұғаздан өтіп, Тынық мұхитына шықты;
1670 жылы Париждегі "Пале-Рояль" театрында Мольердің "Мещанин во дворянстве" пьесасының тұсаукесері өтті;
1893 жылы Жаңа Зеландияда әйелдер алғаш рет парламенттік сайлауда дауыс беру құқығына ие болды;
1925 жылы АҚШ-тың Нэшвилл қаласында әйгілі "Grand Ole Opry" музыкалық радиобағдарламасы алғаш рет эфирге шықты;
1964 жылы Марсқа "Маринер-4" америкалық автоматтық станциясы ұшырылды;
1974 жылы "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде өткен Элтон Джонның концертінде Джон Леннон соңғы рет өнер көрсетті.
28 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады;
1963 жылы Алматыда Мұхтар Әуезовтің мемориалдық музейі ашылды;
1992 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы уақытша импорттық кеден тарифі туралы" жарлығы жарияланды;
2000 жылы Қазақстанда жыл сайын берілетін тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының негізі қаланды;
2001 жылы қаратеңіздік Новороссийск портынан Теңіз мұнайы тиелген алғашқы танкер шықты;
2005 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін зауыт іске қосылды;
2005 жылы Алматыда қазақстандық "Ұлытау" аспаптық ансамблінің алғашқы жеке альбомының таныстырылымы өтті.
28 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1757 жылы ағылшын жазушысы және суретші Уильям Блейк дүниеге келді;
1820 жылы неміс философы, экономист және Карл Маркстің серіктесі Фридрих Энгельс дүниеге келді;
1880 жылы орыс ақыны, XX ғасырдағы орыс әдебиетінің классигі, Ресейдің ұлы ақындарының бірі Александр Блок дүниеге келді;
1881 жылы австриялық жазушы, драматург әрі журналист Стефан Цвейг дүниеге келді;
1907 жылы итальяндық жазушы, "Римдік әйел" романының авторы Альберто Моравиа дүниеге келді;
1908 жылы француз антропологы, этнолог Клод Леви-Стросс дүниеге келді.
1919 жылы РСФСР мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Михаил Жарковский өмірге келді, ол "Семнадцать мгновений весны" фильмінде Кальтенбруннердің рөлін сомдаған.
28 қарашада Қазақстанда кім туды
1924 жылы тау-кен инженері, мемлекет және қоғам қайраткері Зауре Омарова дүниеге келді;
1928 жылы биология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Серікхан Сыбанбаев дүниеге келді;
1935 жылы Қазақстанның мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, аудармашы Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді.
1949 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Талдықорған облысының әкімі және Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Серік Ахымбеков дүниеге келді;
1959 жылы қоғам қайраткері, IV шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған Людмила Хочиева дүниеге келді;
1981 жылы VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған Таңсәуле Серіков дүниеге келді.