https://sputnik.kz/20261127/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-27-qarasha-68832733.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 қараша
Sputnik Қазақстан
27 қарашада не болғанын білесіз бе? 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T00:01+0500
2026-11-27T00:01+0500
2026-11-27T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061165_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_44f2ca0f47d2cc075b7f2ef1f49423d3.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.27 қарашада әлемде қандай қызықты оқиғалар болды:Бүгін Испанияда – Мұғалімдер күні. Бұл күні ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен білім беру саласына қосқан үлегіне ерекше мән беріледі. 27 қарашада БҰҰ бекіткен Балалармен некеге тұруды, ерте және мәжбүрлі некені жоюдың халықаралық күні аталып өтеді.27 қараша жыл сайын Ресей бағалаушылар қоғамының мүшелері кәсіби мереке — Бағалаушы күнін атап өтеді. Осы күні 1996 жылы Ресейдің еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің қаулысымен "Бағалаушы" қызметі бойынша біліктілік сипаттамасы бекітілді.27 қараша Кубада – испан үкіметінің қолынан қаза тапқан студенттерді еске алу күні. 1871 жылы бұл күні Гаванада үкіметтің бұйрығымен медициналық университеттің бірінші курсының сегіз студенті атылды. Оларға жоғары лауазымды испан шенеуніктерінің бірі Гонсало Кастаньонның қабірін қорлады деген айып тағылды. Ал он жылдан кейін олардың кінәсіз болғаны дәлелденіп, студенттер ақталды.27 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:1493 жылы Колумб Америкада еуропалықтардың алғашқы қонысы – Изабелланың (Доминика) негізін қалады;1582 жылы 18 жастағы Уильям Шекспир 26 жастағы Анна Хэтвейға үйленді;1895 жылы Альфред Нобель өсиетхатына қол қойды, ол бойынша оның мүлігі Нобель сыйлығының қорына түседі;1920 жылы Слуцк көтерілісі басталды;1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияның Тулон портында француз әскери-теңіз күштері кемелерін немістердің қолына түсірмеу үшін өздері суға батырды; 1978 жылы Сан-Франциско қаласының мэрі Джордж Москоне мен қала кеңесінің мүшесі Харви Милк қастандық салдарынан қаза тапты;1989 жылы Колумбияда Avianca әуе компаниясының ұшағы жарылып, 107 жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапты.27 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:1963 жылы "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы ашылды;1992 жылы Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды;1992 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды;2006 жылы Ақтауда Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктеріне арналған тұңғыш Каспий инвестициялық форумы өтті;2009 жылы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын 2015 жылғы Ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады;2012 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік және оны өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.27 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:1701 жылы швед астрономы, физигі, Цельсий температура шкаласын жасаған ғалым Андерс Цельсий дүниеге келді;1940 жылы гонконгтық және америкалық актер, режиссер, продюсер, қытай жауынгерлік өнері саласындағы дәріптеуші және реформатор Брюс Ли дүниеге келді;1951 жылы америкалық кинорежиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Кэтрин Бигелоу дүниеге келді;1955 жылы америкалық тележүргізуші, инженер және ғылыми-көпшілік бағдарламалардың авторы Билл Най дүниеге келді;1979 жылы ресейлік теле және радиожүргізуші, актриса және модель Виктория Боня туды. 1964 жылы италиялық футболшы және жаттықтырушы Роберто Манчини дүниеге келді.27 қарашада Қазақстанда кім туды:1906 жылы қазақ ақыны, аудармашы және журналист Сәдуақас (Сәду) Машақов дүниеге келді;1920 жылы ұстаз-ғалым, математик, лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Бектаев дүниеге келді;1932 жылы жазушы, мемлекет қайраткері Қолан Аманов дүниеге келді;1946 жылы генерал-майор, дипломат Сабыр Имандосов дүниеге келді;1950 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Бұсырманов дүниеге келді;
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061165_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_aeb540fb9be22512ac0d150a02132808.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 қараша
27 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
27 қарашада әлемде қандай қызықты оқиғалар болды:
Бүгін Испанияда – Мұғалімдер күні. Бұл күні ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен білім беру саласына қосқан үлегіне ерекше мән беріледі.
27 қарашада БҰҰ бекіткен Балалармен некеге тұруды, ерте және мәжбүрлі некені жоюдың халықаралық күні аталып өтеді.
27 қараша жыл сайын Ресей бағалаушылар қоғамының мүшелері кәсіби мереке — Бағалаушы күнін атап өтеді. Осы күні 1996 жылы Ресейдің еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің қаулысымен "Бағалаушы" қызметі бойынша біліктілік сипаттамасы бекітілді.
27 қараша Кубада – испан үкіметінің қолынан қаза тапқан студенттерді еске алу күні. 1871 жылы бұл күні Гаванада үкіметтің бұйрығымен медициналық университеттің бірінші курсының сегіз студенті атылды. Оларға жоғары лауазымды испан шенеуніктерінің бірі Гонсало Кастаньонның қабірін қорлады деген айып тағылды. Ал он жылдан кейін олардың кінәсіз болғаны дәлелденіп, студенттер ақталды.
27 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:
1493 жылы Колумб Америкада еуропалықтардың алғашқы қонысы – Изабелланың (Доминика) негізін қалады;
1582 жылы 18 жастағы Уильям Шекспир 26 жастағы Анна Хэтвейға үйленді;
1895 жылы Альфред Нобель өсиетхатына қол қойды, ол бойынша оның мүлігі Нобель сыйлығының қорына түседі;
1920 жылы Слуцк көтерілісі басталды;
1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияның Тулон портында француз әскери-теңіз күштері кемелерін немістердің қолына түсірмеу үшін өздері суға батырды;
1978 жылы Сан-Франциско қаласының мэрі Джордж Москоне мен қала кеңесінің мүшесі Харви Милк қастандық салдарынан қаза тапты;
1989 жылы Колумбияда Avianca әуе компаниясының ұшағы жарылып, 107 жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапты.
27 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1963 жылы "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы ашылды;
1992 жылы Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды;
1992 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды;
2006 жылы Ақтауда Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктеріне арналған тұңғыш Каспий инвестициялық форумы өтті;
2009 жылы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын 2015 жылғы Ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады;
2012 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік және оны өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.
27 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:
1701 жылы швед астрономы, физигі, Цельсий температура шкаласын жасаған ғалым Андерс Цельсий дүниеге келді;
1940 жылы гонконгтық және америкалық актер, режиссер, продюсер, қытай жауынгерлік өнері саласындағы дәріптеуші және реформатор Брюс Ли дүниеге келді;
1951 жылы америкалық кинорежиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Кэтрин Бигелоу дүниеге келді;
1955 жылы америкалық тележүргізуші, инженер және ғылыми-көпшілік бағдарламалардың авторы Билл Най дүниеге келді;
1979 жылы ресейлік теле және радиожүргізуші, актриса және модель Виктория Боня туды.
1964 жылы италиялық футболшы және жаттықтырушы Роберто Манчини дүниеге келді.
27 қарашада Қазақстанда кім туды:
1906 жылы қазақ ақыны, аудармашы және журналист Сәдуақас (Сәду) Машақов дүниеге келді;
1920 жылы ұстаз-ғалым, математик, лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Бектаев дүниеге келді;
1932 жылы жазушы, мемлекет қайраткері Қолан Аманов дүниеге келді;
1946 жылы генерал-майор, дипломат Сабыр Имандосов дүниеге келді;
1950 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Бұсырманов дүниеге келді;