Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Брюссель қаржыны ЕО мәселелерін шешуге емес, Киевке жұмсап жатыр – БАҚ

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЗдание штаб-квартиры Европейского парламента в Брюсселе
Здание штаб-квартиры Европейского парламента в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
АCТАНА, 28 қараша - Sputnik. Еуропалық институттар Украинаны қолдауға және қайта қарулануға қомақты қаражат бөлуді жалғастырып келеді. Ал бұл Еуропаның ішкі мәселелерін шешуге қажетті ресурстардың азаюына әкеліп отыр. Бұл туралы италиялық Antidiplomatico басылымы жазды, деп хабарлады РИА Новости.
"Брюссельдегі шенеуніктер көз алдындағы айқын мәселені көргісі келмейді: Украинаға және қайта қарулануға жұмсалатын орасан зор шығындар Еуропаны ішкі мәселелерді шешуге қажетті өмірлік маңызды ресурстардан айырып отыр", – делінген жарияланымда.
Antidiplomatico басылымының жазуынша, Еуропа азаматтары бұл қайшылықты түсінеді. Алайда еуропалық саяси элита Ресеймен текетірестің "өзін-өзі құрдымға апаратын жолымен" жүруді жалғастыруға ниетті.
Мақала авторының пікірінше, Еуропалық одақ пен НАТО басшылығы Ресейді Еуропа қауіпсіздігіне тікелей қауіп ретінде қарастырады.
Ал Мәскеу Ресейдің НАТО мен Еуропалық одақ елдеріне шабуыл жасау ниеті жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Здание парламента Венгрии в Будапеште - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия Украинаға ЕО бюджетінен 100 млрд еуро бөлуге қарсы шықты
Жаңалықтар
0