Алматыда екінші жылу электр орталығын жаңғырту 2026 жылдың соңына дейін аяқталады

© Photo : Правительство РК ТЭЦ-2 Алматы
ТЭЦ-2 Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Жабдықтар 25 желтоқсанға дейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр
АCТАНА, 28 қараша - Sputnik. Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту аяқталуға жақын. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс барысын тексерді, деп хабарлады үкімет.
Бүгінде 2-ЖЭО-ны табиғи газға көшіру жобасының жалпы дайындық деңгейі 97%-ға жетті. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтар іске қосылып, баптау жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жабдықтар 25 желтоқсанға дейін толық қосылмақ.
Құрылыс алаңына 1 300 маман мен 83 бірлік техника жұмылдырылған.
3-ЖЭО-да заманауи бу-газ жабдықтарын орнату арқылы стансаны реконструкциялау жалғасуда. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін стансаның электр қуаты 543,6 МВт-қа жетуі тиіс.
Нысанда 1 050 адам мен 79 техника жұмыс істеп жатыр. Аралау кезінде энергия блоктарын салу, жабдықтарды жеткізу және жаңа қуаттарды электр желілеріне қосу мәселелері қаралды.
Сонымен бірге екінші энергия блогының құрылысын бастау үшін аумақты дайындауда бірқатар техникалық қиындық туындағаны айтылды.Топырақтың инженерлік-геологиялық жағдайына, қолданыстағы қондырғыларды бөлшектеуге байланысты мәселелер бар.
Аталған факторлар құрылыс алаңын дайындау қарқынына, екінші энергия блогының құрылыс-монтаж жұмысын жедел бастауға кедергі келтіріп отыр.
Осыған байланысты анықталған техникалық мәселелерді уақтылы шешуге, бөлшектеу және дайындық жұмыстарын үйлестіруге, шектеулерді барынша азайтуға баса назар аударылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары белгіленген мерзімді сақтауды, жұмыс кестесінен кешікпеуді тапсырды.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жаңа жылу электр орталықтары мен электр станциялары салынады
Жаңалықтар
0