Жаңа жылу электр орталықтары мен электр станциялары салынады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане
Премьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
Министрлік өңірлерде жаңа ЖЭО мен ГРЭС салуды, сондай-ақ қолданыстағы нысандарды жаңғыртуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірледі.
Жоспарға сәйкес, 2028-2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған. Атап айтқанда, 2028 жылы 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу көзделіп отыр.
Жоспар аясында мынадай жобалар қарастырылған:
Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғыларын салу;
Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогын салу;
"Қарағанды Энергоцентр" кәсіпорнында қазандық және турбоагрегат салу;
"Kazakhmys Energy" БТЭЦ-інде қазандық пен турбоагрегат орнату;
"Kazakhmys Energy" ЖЭО-да қазандық пен турбоагрегат орнату;
Ақсу ГРЭС энергоблогын кеңейту және жаңғырту.
2029 жылы 2,3 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде:
Өскемен ЖЭО-да турбоагрегат пен қазандық агрегатын салу;
Атырау ЖЭО-да бес газ-турбиналық қондырғыны іске қосу;
"Батыс Пауэр" ЖШС-нің екі газ-турбиналық қондырғысын салу;
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО іске қосу;
Екібастұз ГРЭС-3-тің бірінші блогын іске қосу.
Сонымен қатар, ведомство жаңартылатын энергетиканың да дамып жатқанын атап өтті. 2028 жылы 2,2 ГВт, ал 2029 жылы 2,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері нысандарын іске қосу жоспарланып отыр.
"Дәстүрлі және "жасыл" энергетикадағы ірі жобаларды іске асыру есебінен Қазақстанның генерациялайтын қуаты айтарлықтай артып, 2029 жылы энергетикалық жүйенің тұрақты профицитке шығуы күтіледі", - деп атап өтті Энергетика министрлігі.
Электроэнергетика  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Энергетика саласында үш жаңа мамандық пайда болады
Жаңалықтар
0