https://sputnik.kz/20261127/zhambyl-oblysynda-qumar-oyyn-oynagan-tort-memlekettik-qyzmetshi-zhumystan-bosatyldy-68888889.html
Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға заңмен тыйым салынған 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T20:15+0500
2026-11-27T20:15+0500
2026-11-27T20:15+0500
жамбыл облысы
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256711_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_09f64338670c2dfea9e779cf6d24db92.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауданында құмар ойындарға қатысқаны үшін төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.Облыстық прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп отырған.Мәселен, жергілікті атқарушы органның бір бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.Тәртіптік комиссияның шешімімен төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.Айта кетері, 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға заңмен тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260911/zhetisu-oblysynda-qumar-oyyn-oynagan--lauazymdy-tulgalar-qyzmetten-bosatyldy-66552863.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256711_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_2726fb4637db92f8e44b9efffa060306.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, құмар ойын
жамбыл облысы, құмар ойын
Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға заңмен тыйым салынған
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауданында құмар ойындарға қатысқаны үшін төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп отырған.
"Заңмен белгіленген тыйымға қарамастан, олар құмар ойындарға қатысуын жалғастырған. Осылайша мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Мәселен, жергілікті атқарушы органның бір бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.
Тәртіптік комиссияның шешімімен төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.
Айта кетері, 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға заңмен тыйым салынған.