Жетісу облысында құмар ойын ойнаған лауазымды тұлғалар қызметтен босатылды

© Sputnik / Виталий АньковЖетісу облысында құмар ойын ойнаған лауазымды тұлғалар қызметтен босатылды
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған  лауазымды тұлғалар қызметтен босатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Олардың бірі еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Жетісу облысында қадағалау актісі бойынша екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Көксу ауданының прокуратурасы жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу фактілерін анықтады.

"Лауазымды тұлғалар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені анықталды. Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асты", делінген хабарламада.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Олардың бірі - еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы.
Игровые автоматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
0