Тұман, көктайғақ, қалың қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Санат ИмангалиевТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы суық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
28–30 қараша аралығында Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.
"Жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел күшейіп, боран соғуы мүмкін. 30 қарашада еліміздің шығысында қатты қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады", - дейді синоптиктер.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде:
Батыста: –5–12°C;
Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта: –10…–18°C;
Шығыста: –7…–12°C;
Таулы аймақтарда: –15…–20°C болады.
Қазақстанның қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Астана
28-29 қарашада көшпелі бұлт шығады. Қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7°С.
30 қарашада түнде қар жауады. Ауа температурасы түнде -11…-13°С, күндіз -8…-10°С суық.
Алматы
28-29 қарашада көшпелі бұлт шығып, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +6…+8°С жылы болады.
30 қарашада таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +5…+7°С жылы болады.
Шымкент
28 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +7…+9°С жылы болады.
29-30 қарашада күн райы ашық, жауын жаумайды. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +8…+10°С.
30 қарашада көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +3…+5°С, күндіз +8…+10°С көрсетеді.
Жол апаты белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан санаулы сағатта 40-қа жуық жол апаты болды
Жаңалықтар
0