https://sputnik.kz/20261127/qaragandyda-qolaysyz-aua-rayy-saldarynan-sanauly-sagatta-40-qa-zhuyq-zhol-apaty-boldy-68868767.html
Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан санаулы сағатта 40-қа жуық жол апаты болды
Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан санаулы сағатта 40-қа жуық жол апаты болды
Sputnik Қазақстан
Таңғы сағат 07:00-ден бастап жаңбыр қарға ұласып, жол көк тайғақ болған 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T12:36+0500
2026-11-27T12:36+0500
2026-11-27T12:37+0500
қарағанды
жол апаты
ауа райы
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_90ca964e656171b0ecd539b4ad122e91.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан таңертең 37 жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Қарағандыда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол қозғалысы қиындады. Таңғы сағат 07:00-ден бастап жаңбыр қарға ұласып, жол көк тайғақ болған.Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды.Автокөлік жүргізушілеріне мынадай кеңес берілді:Сондай-ақ полиция жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге кеңес берді.
https://sputnik.kz/20261127/iim-azamattardy-alys-zholga-shygudan-bas-tartuga-shaqyrdy-68861647.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_202ea410067afc55780ae1670e5ea8a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, жол апаты, ауа райы
қарағанды, жол апаты, ауа райы
Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан санаулы сағатта 40-қа жуық жол апаты болды
12:36 27.11.2026 (жаңартылды: 12:37 27.11.2026) Таңғы сағат 07:00-ден бастап жаңбыр қарға ұласып, жол көк тайғақ болған
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қарағандыда қолайсыз ауа райы салдарынан таңертең 37 жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағандыда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол қозғалысы қиындады. Таңғы сағат 07:00-ден бастап жаңбыр қарға ұласып, жол көк тайғақ болған.
"Сағат 11:30-дағы мәлімет бойынша, қалада 37 жол апаты тіркелген. Барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ. Апаттар тек материалдық шығынға әкелген", - дейді полицияда.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды.
Автокөлік жүргізушілеріне мынадай кеңес берілді:
жол жабынының жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықпен жүру;
алда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтау;
күрт тежеу мен маневр жасаудан аулақ болу;
көліктер арасындағы бүйірлік қауіпсіз аралықты сақтау;
қиылыстарға жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету;
көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдамау;
жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақытылы ауыстыру;
Сондай-ақ полиция жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге кеңес берді.