https://sputnik.kz/20261127/iim-azamattardy-alys-zholga-shygudan-bas-tartuga-shaqyrdy-68861647.html
ІІМ азаматтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды
ІІМ азаматтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды
Sputnik Қазақстан
26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T09:43+0500
2026-11-27T09:43+0500
2026-11-27T09:46+0500
ішкі істер министрлігі
ауа райы
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48345024_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_3b075efeb41e1cfcd01b3a7e41a771aa.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады.Полицейлер азаматтарды жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.Еске салайық, Қазгидромет деректеріне сәйкес, 26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Атап айтқанда, жаңбыр мен қар жауып, жел соғады.Тәртіп сақшылары алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес берді."Қажет болмаса, қалааралық сапарлардан бас тартқан жөн. Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлік құралдарын қысқы дөңгелектерсіз пайдалануға тыйым салынады", - деп ескертті министрлікте.Полиция жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, жолдан өтер алдында көліктердің толық тоқтағанына немесе жүргізушінің жол бергеніне көз жеткізуге, жолдан өту кезінде ұялы телефонға алаңдамауға кеңес берді.Министрлік хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілген.
https://sputnik.kz/20261124/qar-tuman-koktaygaq-25-qarashada-aua-rayy-qanday-bolady-68769579.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48345024_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_145a317b4bb9c0865f6d10d65e98101d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, ауа райы, жүргізуші
ішкі істер министрлігі, ауа райы, жүргізуші
ІІМ азаматтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды
09:43 27.11.2026 (жаңартылды: 09:46 27.11.2026) 26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады.
Полицейлер азаматтарды жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Еске салайық, Қазгидромет деректеріне сәйкес, 26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Атап айтқанда, жаңбыр мен қар жауып, жел соғады.
"Жолда көктайғақ болуы мүмкін. Қолайсыз ауа райы жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Көріну қашықтығы төмендеп, көліктің тежеу жолы ұлғаяды. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көлік құралдары арасында қауіпсіз қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, кез келген маневрді барынша сақтықпен орындауды ескертеміз", - дейді министрлікте.
Тәртіп сақшылары алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес берді.
"Қажет болмаса, қалааралық сапарлардан бас тартқан жөн. Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлік құралдарын қысқы дөңгелектерсіз пайдалануға тыйым салынады", - деп ескертті министрлікте.
Полиция жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, жолдан өтер алдында көліктердің толық тоқтағанына немесе жүргізушінің жол бергеніне көз жеткізуге, жолдан өту кезінде ұялы телефонға алаңдамауға кеңес берді.
Министрлік хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілген.