https://sputnik.kz/20261127/qazaqstanda-tuu-korsetkishi-9-ga-azaydy-68870003.html
Қазақстанда туу көрсеткіші 9%-ға азайды
Қазақстанда туу көрсеткіші 9%-ға азайды
Sputnik Қазақстан
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 227 мың бала дүниеге келген 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T13:14+0500
2026-11-27T13:14+0500
2026-11-27T13:14+0500
бала
туу көрсеткіші
қазақстан азаматы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_0:39:674:418_1920x0_80_0_0_db3ea2c101426594f5e0f26e6cb84bb7.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда бала туу азайып, балалар жөргегінің нарығы импортқа тәуелді күйінде қалып отыр. Импорттың басым бөлігі Қытайға тиесілі, деп хабарлайды Ranking.kz.Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 227 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз. Былтыр осы уақытта 249 мың бала туған.Туу көрсеткіші барлық өңірінде азайған. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында (13,9%), Шығыс Қазақстан облысында (12,2%) және Жетісу облысында (12%) тіркелді. Ал Астана, Ақмола облысында және Шымкентте бала туу онша азаймаған.Балалар ең көп дүниеге келген Түркістан облысы, бірақ мұнда да көрсеткіш 11%-ға азайған.Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға 20,9 мың тонна балалар жөргегі мен жаялық 68,5 млн АҚШ доллары көлемінде импортталды.Салыстырмалы түрде, былтыр Қазақстанға 30 мың тонна балалар жөргегі мен жаялық 99,8 млн долларға әкелінген.Қазақстанға балалар жөргегі мен жаялықты ең көп жеткізетін ел — Қытай. Тоғыз айда бұл елден 15,6 мың тонна өнім импортталған. Ресейден жеткізілім, керісінше, 28%-ға азайып, 4,5 мың тоннаны құрады. Үшінші орында Түркия тұр — 660 тонна немесе импорттың 3,2%-ы.
https://sputnik.kz/20261114/tarazda-bir-kunde-tort-egiz-zhup-duniege-keldi-68435940.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_33:0:641:456_1920x0_80_0_0_ea47ddeaf3cc7406bdb131af6b0d134f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, туу көрсеткіші, қазақстан азаматы
бала, туу көрсеткіші, қазақстан азаматы
Қазақстанда туу көрсеткіші 9%-ға азайды
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 227 мың бала дүниеге келген
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда бала туу азайып, балалар жөргегінің нарығы импортқа тәуелді күйінде қалып отыр. Импорттың басым бөлігі Қытайға тиесілі, деп хабарлайды Ranking.kz.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 227 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз. Былтыр осы уақытта 249 мың бала туған.
Туу көрсеткіші барлық өңірінде азайған. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында (13,9%), Шығыс Қазақстан облысында (12,2%) және Жетісу облысында (12%) тіркелді. Ал Астана, Ақмола облысында және Шымкентте бала туу онша азаймаған.
Балалар ең көп дүниеге келген Түркістан облысы, бірақ мұнда да көрсеткіш 11%-ға азайған.
"Қазақстанда жөргек өндірісі көлемі аз. Биыл қаңтар–қыркүйек айларында осы өнімдердің өндірісі 803,7 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға төмендеді. Тұтынудың 93,8%-ын импорт қамтамасыз еткен. Былтыр бұл көрсеткіш 94% болған. Ішкі нарықта тоғыз айда 10,9 мың тонна өнім сатылып, көлемі 0,6%-ға азайды", - деп жазылған материалда.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға 20,9 мың тонна балалар жөргегі мен жаялық 68,5 млн АҚШ доллары көлемінде импортталды.
Салыстырмалы түрде, былтыр Қазақстанға 30 мың тонна балалар жөргегі мен жаялық 99,8 млн долларға әкелінген.
Қазақстанға балалар жөргегі мен жаялықты ең көп жеткізетін ел — Қытай. Тоғыз айда бұл елден 15,6 мың тонна өнім импортталған. Ресейден жеткізілім, керісінше, 28%-ға азайып, 4,5 мың тоннаны құрады. Үшінші орында Түркия тұр — 660 тонна немесе импорттың 3,2%-ы.