Таразда бір күнде төрт егіз жұп дүниеге келді

CC0 / M Ameen / Ножки младенца
Ножки младенца - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
Жазылу
Бір күнде төрт ана егіз босанып, сегіз сәби өмірге келді
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik.Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының перзентхана бөлімшесі мен консультативтік-диагностикалық орталығында ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күнде төрт ана егіз босанып, сегіз сәби өмірге келді.
Бұл жағдай медицина ұжымы үшін де есте қаларлық сәт болғанын атап өтті.
"Ана мен баланың амандығын қамтамасыз ету жолында акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты", – делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, бір күнде төрт жұп егіздің дүниеге келуі – ерекше жағдай.
Жетісу облысында төртем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жетісу облысында төртем дүниеге келді
Жаңалықтар
0