Жетісу облысында төртем дүниеге келді

© Photo : Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысында төртем дүниеге келді
Жетісу облысында төртем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген есімдер берілді
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт сәбидің анасы атанды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Жетісу облысының 31 жастағы тұрғыны төрт ұл баланы дүниеге әкелді. Осылайша отбасындағы бала саны жетеуге жетті.
Бүгін төртемнің анасы нәрестелерімен бірге перзентханадан салтанатты түрде шықты.
Нәрестелер 24 қыркүйекте жүктіліктің 30 аптасы 6 күнінде кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген есімдер берілді.
© Photo : Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысында төртем дүниеге келді
Жетісу облысында төртем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жетісу облысында төртем дүниеге келді
"Бірден төрт бала күтіп жүргенімді білгенде бойымды сан түрлі сезім биледі. Таңғалдым, қуандым, әрине, қобалжыдым. Алда оңай жол күтіп тұрмағанын түсіндім, бірақ бәрі жақсы болатынына сендім", - дейді балалардың анасы.
Төртемге жүкті болу – өте сирек кездесетін жағдай әрі дәрігерлер үшін үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін күрделі үдеріс. Болашақ ана жүктіліктің 23-аптасынан бастап орталық мамандарының бақылауында болды.
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Салмақтары 500 грамнан аз: Алматы облысында үшем шетінеп кетті
Жаңалықтар
0