Он күн ішінде шекарадан 508 млн теңге заңсыз шығарылмақ болған

© Sputnik / Болат ШайхиновТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Қазір аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Небәрі 10 күнде шекара арқылы теңгені заңсыз өткізудің 59 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
16-25 қарашасы аралығында өткізу пункттерінде шекарашылар жалпы сомасы 508 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны 59 рет өткізу әрекетінің алдын алды.
"18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының багажынан 4 441 500 рубль, шамамен 23 млн теңге мөлшерінде ақша қаражаты табылды. Сондай-ақ 23 қарашада "Қордай" өткізу пунктінде шетелдік азамат 200 000 АҚШ долларын, шамамен 91 млн теңгені жасырын түрде алып өтпек болған", - дейді комитет.
Қазір аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, республика аумағынан тыс жерлерге Қазақстан заңнамасында белгіленген сома 10 мың АҚШ долларынан аспайтын жоғары қолма-қол ақша қаражатын әкетуге тыйым салынған.
Алтын - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
"Денесіне жабыстырып алған": алматылық шекарадан алтынды заңсыз алып өтпек болған
Жаңалықтар
0