"Денесіне жабыстырып алған": алматылық шекарадан алтынды заңсыз алып өтпек болған

© Sputnik/Айдын БалтабаевАлтын
Алтын - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
488 миллион теңгеге бағаланған 5 келі 764 грамм алтын мемлекет кірісіне айналдырылды
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны ірі мөлшердегі алтынды шекарадан заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ер адам Қытайға алып өтпек болған алтынның құны 488 миллион теңгеге бағаланып отыр.
"Алматы қаласының тұрғыны "Қорғас" Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы" кеден бекеті арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған", - деп жазылған хабарламада.
Кеден және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында азамат алтын құймаларын жабысқақ таспа көмегімен денесіне жабыстырып алған.
Кедендік тексеру барысында контрабандалық тауар әшкереленіп, уәкілетті орган қызметкерлерімен тәркіленді.
Сот талқылауы барысында сотталушының экономикалық контрабандаға оқталудағы кінәсі толық дәлелденді.
Панфилов аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 488 миллион теңгеге бағаланған 5 келі 764 грамм алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.
Маңғыстауда кеден бекетінде әйел 34 дана алтынды ерекше әдіспен заңсыз кіргізбек болған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Маңғыстауда кеден бекетінде әйел 34 дана алтынды ерекше әдіспен заңсыз кіргізбек болған
Жаңалықтар
0