https://sputnik.kz/20261127/mangystau-oblysynda-zhylyna-660-myn-tonna-ammiak-ondiretin-keshen-salynady-68858145.html
Маңғыстау облысында жылына 660 мың тонна аммиак өндіретін кешен салынады
Маңғыстау облысында жылына 660 мың тонна аммиак өндіретін кешен салынады
Sputnik Қазақстан
Жобаның жалпы құны шамамен – 1,6 млрд доллар 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T09:15+0500
2026-11-27T09:15+0500
2026-11-27T09:35+0500
үкімет
инвестиция
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55650505_0:116:3076:1847_1920x0_80_0_0_6a38b7158d3637ca7bd01925241ddd0a.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев отандық, шетелдік компаниялардың басшыларымен шикізатты терең өңдеу, еліміздің ресурстық базасын кеңейту, озық технологияларды енгізу бағыттарындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқылады, деп хабарлады Үкімет."China Wuhuan Engineering" компаниясы мен "ҚазАзот" АҚ басшылығымен өткен кездесуде Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу мәселелері қаралды.Жобаны іске асыру отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, химия өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді."Саутс-Ойл" ЖШС мен "ADIB Holdings" қаржы тобының басшылығымен өткен кездесуде Қарағансай учаскесіндегі дәстүрлі емес көмірсутектерді игеру перспективалары талқыланды.Кездесулер қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің озық технологияларды енгізуге, отандық өнеркәсіпті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қолданыстағы заңнама аясында қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20261123/tort-oblystyn-fermerlerinen-qoy-zhunin-qabyldaytyn-zhana-zauyt-iske-qosyldy-68719179.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55650505_347:0:3076:2047_1920x0_80_0_0_8ea5eeaf190f3a71af5a5f0f9fb0afe1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, инвестиция, зауыт
үкімет, инвестиция, зауыт
Маңғыстау облысында жылына 660 мың тонна аммиак өндіретін кешен салынады
09:15 27.11.2026 (жаңартылды: 09:35 27.11.2026) Жобаның жалпы құны шамамен – 1,6 млрд доллар
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев отандық, шетелдік компаниялардың басшыларымен шикізатты терең өңдеу, еліміздің ресурстық базасын кеңейту, озық технологияларды енгізу бағыттарындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқылады, деп хабарлады Үкімет.
"China Wuhuan Engineering" компаниясы мен "ҚазАзот" АҚ басшылығымен өткен кездесуде Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу мәселелері қаралды.
"Жобаның жалпы құны шамамен – 1,6 млрд доллар. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид, 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіруге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны іске асыру отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, химия өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.
"Саутс-Ойл" ЖШС мен "ADIB Holdings" қаржы тобының басшылығымен өткен кездесуде Қарағансай учаскесіндегі дәстүрлі емес көмірсутектерді игеру перспективалары талқыланды.
"Бүгінгі таңда жоба аясында қабатты көпсатылы гидравликалық жарудың заманауи технологиялары қолданылып, екі көлденең ұңғыма бұрғыланды. Жалпы жоба бойынша 10 ұңғыма бұрғылау жоспарланған", - дейді Үкіметте.
Кездесулер қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің озық технологияларды енгізуге, отандық өнеркәсіпті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қолданыстағы заңнама аясында қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.