Төрт облыстың фермерлерінен қой жүнін қабылдайтын жаңа зауыт іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевЖертвоприношение на Курбан айт - "құрбан шалу"
Жертвоприношение на Курбан айт - құрбан шалу - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5,3 млрд теңгені құрады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қой жүнін терең өңдейтін зауыттың арқасында Қазақстанның төрт облысындағы фермерлер үшін жаңа өткізу нарығы құрылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚазақстанның төрт облысының фермерлері үшін өткізу нарығы құрылды
Для фермеров четырех областей Казахстана создали рынок - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Қазақстанның төрт облысының фермерлері үшін өткізу нарығы құрылды
"Кәсіпорын Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы шаруа қожалықтарынан шикізат сатып алады. Өндірістің іске қосылуы мал шаруашылығы өнімдерін өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, еліміздің бірнеше өңіріндегі шикізатты өңдеу ісіне тартуға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.
"KazFeltec" ЖШС зауыты төрт өңірдегі фермерлерден қой жүнін сатып алып, оны қосылған құны жоғары дайын өнімге айналдырады. Кәсіпорын 2025 жылы пайдалануға берілген. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.
Өндірістік желі заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Оның қуаты жылына 3,6 мың тоннаға дейін қой жүнін өңдеп, 2,2 мың тоннаға дейін дайын тоқыма емес материал шығаруға мүмкіндік береді.
Табиғи шикізаттан құрылыс, жиһаз жасау және басқа да салаларда сұранысқа ие экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіріледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта компания экспортқа шығуды жоспарлап отыр.
Көрпе жасайтын кәсіпкер   - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жүн сатумен айналысатындар сапаға емес, санға жұмыс істейді – көрпе жасайтын кәсіпкер
Жаңалықтар
0