Жүн сатумен айналысатындар сапаға емес, санға жұмыс істейді – көрпе жасайтын кәсіпкер

© Айдана ДайыроваКөрпе жасайтын кәсіпкер
Көрпе жасайтын кәсіпкер   - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Елімізде қой жүнінен жасалатын табиғи заттар азайып барады
АЛМАТЫ, 17 сәуір - Sputnik. Қазақстанда таза қой жүнінен жасалатын бұйым азайып барады. Салдарынан синтетикалық мата нарықта тым белең алды. Sputnik Қазақстан тілшісі зерттеп көрді.
Қазақстандағы нарықта синтетикадан жасалған бұйым көптеп сатылып жатыр. Таза табиғи материалдан жасалған бұйым саусақпен санарлық, бар болса бағасы қымбат. Халық, әлбетте, қалтасы көтеретін затқа жүгіреді.
"Қазір ішкен-жеген тамағымыздың барлығы табиғи емес, киген киім, тіпті жататын төсек орнымыздың барлығы синтетиткадан жасалған. Пластикалық бөтелкенің ұсақтап бөлшектенуінен синтетика шығады. Оның ішіне бірін бірі ұстап тұру үшін қаншама химиялық заттар қосады. Синтетика адам терлегенде қызады, ол теріні қысады. Қаншама тері аурулары бар, соның бәрі осындай сапасыз заттардан пайда болады", - дейді кәсіпкер Гүлсара Мұстафаева.
Көрпе жасайтын кәсіпкер
Көрпе жасайтын кәсіпкер   - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Көрпе жасайтын кәсіпкер
Гүлсараның табиғи қой жүнінен көрпе жасаумен айналысқанына 10 жылға жуықтап қалды. Бұл – отбасының ата кәсібі.
"Синтетикадан жасалған бағасы 3-5 мыңдық арзан көрпелерді халық жаппай сатып алады. Ал оның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін ойлап жатқан ешкім жоқ. Мәселен, қойдың жүнінен бір көрпе жасатсаңыз, күтіп ұстасаңыз кем дегенде 10, тіпті 20 жылға дейін жетеді. Ол жазда салқын, қыста ыстық болады", - дейді көрпе жасайтын кәсіпкер.
Алайда қазір Қазақстанда жібі түзу жүн жоқ дейді Гүлсара Мұстафаева.
© Айдана ДайыроваЕлімізде қой жүнінен жасалатын табиғи заттар азайып барады
Елімізде қой жүнінен жасалатын табиғи заттар азайып барады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Елімізде қой жүнінен жасалатын табиғи заттар азайып барады
"Қазір жүн сатумен айналысатындар сапаға емес, санға жұмыс істейді, ақшаны көп тапқысы келеді. Арзан жүнді қымбат бағаға арасына тығып салып, сатып жібереді. Қазіргі күні қой жүні өте нашар, жүн іздеп табу деген өте қиямет жұмыс. Мысалы көрпеге меринос қойының жүні ғана жарайды. Бірақ құйрықты қойлардың жүнін араластырып, жүнді сапасыз етіп сатады. Ал оның жүні қылшықты болады", - дейді кәсіпкер.
Қазақстанда меринос қойының жүні барған сайын азайып барады. Есесіне құйрықты қой саны артқан. Бірақ бұл қойдың еті семіз, ірі болғанымен, жүні көрпе жасауға жарамайды. Бұрынғы қазақ онымен тек киіз басқан. Ал қазір киіз басып, оны төріне төсейтін қазақ жоқтың қасы.
"Маған кейбір тұрғындар әкеліп ескі көрпелерін жасатады. Айтатыны "менің Түркиядан әкелген көрпем, шетелден әкелген көрпем" деп мақтанып келеді. Ішін ашып қарасаңыз, синтетикадан немесе түсініксіз бір заттардан жасалған көрпелер. Бір күні маған химиялық тазартатын орыннан хабарласып, көмек сұрады. Бір тұтынушының 5000 долларлық Швецариядан сатып алған көрпесін тазалаймыз деп, химиялық тазарту орталығы бүлдіріп алған. Содан көрпені әкеліп, жасайық дедік. Ішін ашып көрсек не зат екені белгісіз. Бір қарасаң жүн сияқты, ал бір қарасаң альфа люкс деген зат бар сол сияқты жұмсақ. Бірақ сол күйі не заттан жасалған көрпе екенін түсінбедік. Бірақ қалпына келтіреміз деп әбден әуреге түстік", - дейді Гүлсара Мұстафаева.
Өкінішке орай, қазіргі күні меринос қойының саны азайып барады. Салдарынан нарықта таза жүннен жасалатын бұйымдар да төмендеген.
© Айдана ДайыроваҚазіргі күні меринос қойының саны азайып барады.
Қазіргі күні меринос қойының саны азайып барады.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Қазіргі күні меринос қойының саны азайып барады.
"Меринос қойының саны болғанымен, сапасы төмен. Оның жүні ғана құнды, мал ұсақталып кеткен. Бірақ сол жүннің өзі өтпейді. Ал құйрықты қойдың сапасы жоғары, ірі, етті болады. Суыққа төзімді. Меринос қойы мысалы 20 кг ет берсе, құйрықты қой 30-35 кг ет береді. Менің бағып отырған гиссар қойлар, меринос жоқ. Бұлар – асыл тұқымды қойлар. Бұл қойдың жүні мүлдем өтпейді, тастайсың немесе өртеп жібересің. Еті сол 30-35 кг болады. Бұл қойдың жүні құйрықты қой сияқты киіз басуға ғана жарайды. Ал бізде киіз басатын өндіріс жоқ, болса да киізді ешкім қажет ете қоймайды. Мериностың тағы бір кемшілігі қозысы төлдегенде әлсіз болады, гиссар мен құйрықты қойлар сияқты емес. Қазір ауыл халқының көбісі мериносты қазақи қойға ауыстырып жатыр", - дейді мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Мұхит Айтпанбетов.
Синтетикалық мата қыста салқын, ал жазда ыстық тартады. Бұндай матадан жасалған бұйымдар адам терісінен бөлінген ылғалды сіңірмейді және ауа өткізбейді. Синтетикадан жасалған мата электрленеді, ал бұл терінің жүйке талшықтарына әсер етіп, қан тамырларының ырғағын бұзады. Салдарынан адам ашушаң, күйгелек болады. Синтетикалық жіптерден жасалған мата, төсек жаймалары адам денесіндегі жылу алмасу процесін бұзады.
Жаңалықтар
0