https://sputnik.kz/20261127/buzaqylyq-tonau-alayaqtyq-astanada-eki-zhasospirim-bes-zhylga-sottaldy-68882306.html
Бұзақылық, тонау, алаяқтық: Астанада екі жасөспірім бес жылға сотталды
Бұзақылық, тонау, алаяқтық: Астанада екі жасөспірім бес жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Тағы үш бала жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T21:01+0500
2026-11-27T21:01+0500
2026-11-27T21:01+0500
астана
сот
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Астанада екі жасөспірім бұзақылық, тонау, алаяқтық, ұрлық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық сот хабарлады.Сот мәліметінше, биыл 26 наурызда М. С., Ж., Б. және басқа жасөспірімдермен бірге бұған дейін олардың бірін ұрып-соққан жігітпен есеп айырысу үшін "Koktal" сауда үйіне барған. Тамақтану аймағында С. мен жәбірленушілердің бірі сөзге келіп, төбелес басталған. Жасөспірімдер үш адамды ұрып-соққан.30 сәуірде К. тағы екі адаммен бірге телефонын ломбардқа өткізуден бас тартқан жасөспірімді скверде ұрып-соққан. Сараптама жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келгенін анықтады. 15 мамырда К. танысының телефонын пайдаланып, оның Kaspi қосымшасындағы депозитінен 620 000 теңге ұрлаған.Жалпы келтірілген залал 3 068 981 теңгені құрады. М. бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған, ал К. бұрын сотталмаған.Сот екі жасөспірімнің де кінәсі дәлелденгенін хабарлады. Олар кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінген. Сот әрқайсысына бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Ал олармен бірге бұзақылық жасаған С., Ж. және Б. жәбірленушімен татуласып, келтірілген шығынды өтеген. Үшеуі де ауыр қылмысты алғаш рет жасағандықтан, сот оларды қылмыстық жауаптылықтан босатып, тәрбиелік ықпал ету шараларын қолданды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20261112/qaragandyda-oqushy-qyzdy-zorlagan-bes-zhasospirim-sottaldy-68395656.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот, жасөспірім
Бұзақылық, тонау, алаяқтық: Астанада екі жасөспірім бес жылға сотталды
Тағы үш бала жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Астанада екі жасөспірім бұзақылық, тонау, алаяқтық, ұрлық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық сот хабарлады.
Сот мәліметінше, биыл 26 наурызда М. С., Ж., Б. және басқа жасөспірімдермен бірге бұған дейін олардың бірін ұрып-соққан жігітпен есеп айырысу үшін "Koktal" сауда үйіне барған. Тамақтану аймағында С. мен жәбірленушілердің бірі сөзге келіп, төбелес басталған. Жасөспірімдер үш адамды ұрып-соққан.
"17 сәуірде М. мен К. бұрын жанжалдасқан жасөспірімді пышақ және телескопиялық таяқпен қорқытып, құны 341 981 теңге тұратын смартфонын тартып алған. Кейін оны сатып жіберген", - деп жазылған хабарламада.
30 сәуірде К. тағы екі адаммен бірге телефонын ломбардқа өткізуден бас тартқан жасөспірімді скверде ұрып-соққан. Сараптама жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келгенін анықтады. 15 мамырда К. танысының телефонын пайдаланып, оның Kaspi қосымшасындағы депозитінен 620 000 теңге ұрлаған.
"Бұдан бөлек, сәуір мен маусым аралығында жасөспірімдер қоңырау шалу сылтауымен адамдардың телефондарын алып отырған немесе қолдарынан жұлып әкеткен. Мәселен, 29 мамырда М. мен К. Бурабай ауданындағы дүкен сатушысының iPhone 15 Pro телефонын ұрлап, оның шотынан Kaspi арқылы 237 000 теңге шешіп алған. Телефонды да сатып жіберген. Жәбірленушіге жалпы 837 000 теңге шығын келген", - дейді сот.
Жалпы келтірілген залал 3 068 981 теңгені құрады. М. бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған, ал К. бұрын сотталмаған.
Сот екі жасөспірімнің де кінәсі дәлелденгенін хабарлады. Олар кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінген. Сот әрқайсысына бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал олармен бірге бұзақылық жасаған С., Ж. және Б. жәбірленушімен татуласып, келтірілген шығынды өтеген. Үшеуі де ауыр қылмысты алғаш рет жасағандықтан, сот оларды қылмыстық жауаптылықтан босатып, тәрбиелік ықпал ету шараларын қолданды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.