https://sputnik.kz/20261112/qaragandyda-oqushy-qyzdy-zorlagan-bes-zhasospirim-sottaldy-68395656.html
Қарағандыда оқушы қызды зорлаған бес жасөспірім сотталды
Қарағандыда оқушы қызды зорлаған бес жасөспірім сотталды
Sputnik Қазақстан
Олардың біреуі жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T14:35+0500
2026-11-12T14:35+0500
2026-11-12T14:35+0500
қарағанды облысы
зорлау
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:214:1280:934_1920x0_80_0_0_697c8484b647bcd21f2341d905ef10ab.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында оқушы қызды жабылып зорлағаны үшін бес жасөспірім сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Үйіне баруға қорыққанСот материалдарына сәйкес, бұл оқиға былтыр ақпан айында болған. Жәбірленуші құрбысымен бірге "Инфинити" түнгі караоке-клубына барған. Сол жерде күзет қызметіне шын жасын айтпай, ойын-сауық орнына кіріп кеткен. Екеуі үш сағаттан астам уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер ішкен. Содан қатты мас болып қалған.Жәбірленуші үйіне қайтуға қорыққан. Бір танысы оларға пәтерге баруды ұсынған. Ол жерде бес сотталушы болған. Біреуі жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен.Осыдан кейін кәмелетке толмаған бесеуі жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жабылып зорлаған.Соттың шешіміТергеу кезінде сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Ал сотта прокурор әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Рақымшылық аясында жазаны 5 жыл 7 ай 15 күнге дейін қысқартуға жатады. Ал жәбірленуші тарап 100 миллион теңге көлеміндегі моральдық зиянды өтеуді де талап етті.Қорғау тарапы барлық сотталушыны кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты ақтауды сұрады.Қылмыстық кодекс бойынша ондай қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ заңнама бойынша кәмелетке толмағандарға 7 жыл 6 айдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.Сот рақымшылықты ескере отырып, түпкілікті әрқайсысын 5 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Барлығы моральдық зиянды өтеу үшін 10 000 000 теңге төлеп беруге міндеттелді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20261006/soltustik-qazaqstanda-zhasospirimdi-zorlagan-er-adam-omir-boyyna-sottaldy-67354766.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, зорлау, сот үкімі
қарағанды облысы, зорлау, сот үкімі
Қарағандыда оқушы қызды зорлаған бес жасөспірім сотталды
Олардың біреуі жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында оқушы қызды жабылып зорлағаны үшін бес жасөспірім сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, бұл оқиға былтыр ақпан айында болған. Жәбірленуші құрбысымен бірге "Инфинити" түнгі караоке-клубына барған. Сол жерде күзет қызметіне шын жасын айтпай, ойын-сауық орнына кіріп кеткен. Екеуі үш сағаттан астам уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер ішкен. Содан қатты мас болып қалған.
Жәбірленуші үйіне қайтуға қорыққан. Бір танысы оларға пәтерге баруды ұсынған. Ол жерде бес сотталушы болған. Біреуі жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен.
Осыдан кейін кәмелетке толмаған бесеуі жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жабылып зорлаған.
Тергеу кезінде сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Ал сотта прокурор әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Рақымшылық аясында жазаны 5 жыл 7 ай 15 күнге дейін қысқартуға жатады. Ал жәбірленуші тарап 100 миллион теңге көлеміндегі моральдық зиянды өтеуді де талап етті.
Қорғау тарапы барлық сотталушыны кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты ақтауды сұрады.
Қылмыстық кодекс бойынша ондай қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ заңнама бойынша кәмелетке толмағандарға 7 жыл 6 айдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.
Сот рақымшылықты ескере отырып, түпкілікті әрқайсысын 5 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Барлығы моральдық зиянды өтеу үшін 10 000 000 теңге төлеп беруге міндеттелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.