Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Оқиға биыл 22 наурызында болған
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда кәмелет жасына толмағанға зорлық көрсету дерегі бойынша ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері". Ал сотталушының әйеліне қатысты - 121-бап 4-бөлім "Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасауға жәрдемдесу".

"Оқиға биыл 22 наурызында болған. Ер адам өз үйінде жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасаған", - дейді сотта.

Ал оның әйелі Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлімінде көзделген кәмелетке толмаған қызға қатысты тағы бір қылмыс жасады деп айыпталды.
Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бар, сот оны жазаны жеңілдететін жәйт деп қарастырды.
"Ер адам сот үкімімен өмір бойына, ал әйелі 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді сотта.
Балаға қатысты зорлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды
Жаңалықтар
0