Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды

© Sputnik / Табылды КадырбековБалаға қатысты зорлық
Балаға қатысты зорлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Сотталушы қыздың үйіне ата-анасы үйде болмаған кезде Wi-Fi паролін сұрау сылтауымен кірген
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам екінші сынып оқушысына зорлық жасаған. Әлеуметтік желідегі тараған ақпаратта сотталушы жәбір көрген қыздың туысқан ағасы екені айтылған.
Оқиға тал түсте болған. Сотталушы қыздың үйіне ата-анасы үйде болмаған кезде Wi-Fi паролін сұрау сылтауымен кірген. Үйде ғаріп атасы мен бесіктегі сәби болған. Осы сәтті пайдаланып, ер адам арам пиғылын жүзеге асырған.
Қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып – Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".
Прокурор сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Ал жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді.
"Сот үкімімен сотталушы 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Жамбыл облысының соты.
Сот балғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0