Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСот балғасы
Сот балғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
Қылмыстық іс жабық форматта қаралды
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.
Қылмыстық іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сотталушыға тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".
Қылмыстық іс жабық форматта қаралды.

"2025 жылы сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің берген айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді", - дейді сотта.

Қылмыскер тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Павлодарда жасөспірімді зорлаған педофил 16 жылға сотталды
Жаңалықтар
0