https://sputnik.kz/20261127/almatynyn-ush-turgyny-qarzhylyq-zhagdayy-qiyn-adamdardy-dropperlikke-tartqan-68862997.html
Алматының үш тұрғыны қаржылық жағдайы қиын адамдарды дропперлікке тартқан
Алматының үш тұрғыны қаржылық жағдайы қиын адамдарды дропперлікке тартқан
Sputnik Қазақстан
Осы мақсатта делдалдар арқылы Қырғызстан азаматтары да тартылған 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T10:37+0500
2026-11-27T10:37+0500
2026-11-27T10:43+0500
алматы
қылмыс
алаяқтық
видео
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_0:0:1136:639_1920x0_80_0_0_01c92256f8a6a10c06d8f15a1a25d8ad.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Алматының үш тұрғыны азаматтарды дропперлікке артқа, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласының үш тұрғыны заңсыз криптовалюта операцияларын жүргізу үшін дропперлер желісін ұйымдастырған.Шетел азаматтары ақшалай сыйақы үшін өздерінің банк шоттарына қол жеткізу құқығын беріп, кейін еліне қайтып отырған. Алынған төлем құралдары тиісті лицензиясыз USDT криптовалютасын сатып алу және сату үшін пайдаланылған.Бұдан бөлек, күдіктілер "SkyPhoenix" халықаралық төлем платформасы арқылы "Pinco", "Pinup", "Nomad Games", "Sultan Games" және басқа да онлайн-казинолардың қаржылық операцияларына қызмет көрсеткен.Дропперлік шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеден асқан. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Сот санкциясымен үш автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20261102/aqtobe-turgyny-aleumettik-zhelilerde-aqsha-ayyrbastaytyn-top-qurgan-68127529.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_147:0:999:639_1920x0_80_0_0_cd3b0cbf0c4a1a10f3e446f4b3d4a556.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыс, алаяқтық
Алматының үш тұрғыны қаржылық жағдайы қиын адамдарды дропперлікке тартқан
10:37 27.11.2026 (жаңартылды: 10:43 27.11.2026) Осы мақсатта делдалдар арқылы Қырғызстан азаматтары да тартылған
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Алматының үш тұрғыны азаматтарды дропперлікке артқа, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласының үш тұрғыны заңсыз криптовалюта операцияларын жүргізу үшін дропперлер желісін ұйымдастырған.
"Осы мақсатта делдалдар арқылы Қырғызстан азаматтары, негізінен жастар, оның ішінде студенттер мен қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар тартылған. Күдіктілер олардың Қазақстанға келу жолақысын, тұратын жері мен тамағын төлеп, ұялы телефондар және SIM-карталармен қамтамасыз еткен", - деп жазылған хабарламада.
Шетел азаматтары ақшалай сыйақы үшін өздерінің банк шоттарына қол жеткізу құқығын беріп, кейін еліне қайтып отырған. Алынған төлем құралдары тиісті лицензиясыз USDT криптовалютасын сатып алу және сату үшін пайдаланылған.
Бұдан бөлек, күдіктілер "SkyPhoenix" халықаралық төлем платформасы арқылы "Pinco", "Pinup", "Nomad Games", "Sultan Games" және басқа да онлайн-казинолардың қаржылық операцияларына қызмет көрсеткен.
"Күдіктілер түскен қаражаттың 4 пайызы мөлшерінде сыйақы алып, ойыншылардан төлем қабылдауды, ұтыстарды төлеуді және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың табысын криптовалютаға айырбастап, шығарып беруді қамтамасыз еткен", - деп жазылған хабарламада.
Дропперлік шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеден асқан. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сот санкциясымен үш автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.