Күніне 70-ке дейін төлем: Ақтөбеде дропперлер тартылған қылмыстық топ анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асқан, бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ақтөбеде есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу дерегінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде ақша айырбастайтын топ құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Топ мүшелері міндеттерді өзара бөлісіп, күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Осылайша олар тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударып отырған.
Интернет-дүкен операторлары тапсырыс ақысын төлеу үшін сатып алушыларды осы айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін оларға есірткі жасырылған орындардың координаттары жіберілген.
"Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін өзге адамдардың — дропперлердің атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Кейін түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған.
Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асқан. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең.
Қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн-нан астам қаржысын заңсыз иемденген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен
Жаңалықтар
0