Алматы метросында неге құм салынған қаптар жатыр – метрополитен түсініктеме берді

© Sputnik / Камшат АбдирайымАлматы метросы, архивтегі фото
Алматы метросы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта станциялардың кіреберіс топтарын су басу қаупі төмен
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыдағы "Алатау" метро станциясында құм толтырылған қаптар қойылды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты метрополитен әкімшілігі түсініктеме берді.
Мекеменің хабарлауынша, қаптар жауын-шашын мол түскен кезде жер үсті суларының жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне кіруіне жол бермеу үшін уақытша қойылған.
"Қорғаныс шараларын жетілдіру мақсатында 2027 жылы "Метрополитен" КММ тиімді қорғанысты қамтамасыз ететін әрі эстетикалық көрінісі жақсы заманауи мобильді су тасқынына қарсы бөгеттер сатып алуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады мекеме.
Сондай-ақ станцияға іргелес аумақтағы су бұру жүйесін жетілдіру мәселесі қаланың тиісті қызметтерімен бірлесіп қарастырылып жатыр. Жұмыс нәтижесінде қосымша инженерлік шараларды жүргізу қажеттілігі анықталады.
Метрополитен өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта станциялардың кіреберіс топтарын су басу қаупі төмен. Жағдай бақылауда. Су басу қаупі туындаған жағдайда судың метрополитеннің жерасты құрылыстарына кіруіне жол бермеу үшін қажетті шаралар жедел қабылданады.
Метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Алматы метросы жарты күнде 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады
Жаңалықтар
0