Алматы метросы жарты күнде 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Метро Алматы
Метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматы метросы 1 қыркүйекте түске дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Алматы метросында жолаушылар ағыны артты.
"1 қыркүйек күні сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалданды", – деп хабарлады әкімдік.
Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы аралық 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.
Автомобили на дороге на левом берегу столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Президент Алматыда BRT, LRT және метро желілерін ашу идеяларын қолдады
Жаңалықтар
0