Видео

Жыл басынан бері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160-тан астам қару тәркіленді

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Жыл басынан бері елде 2 мыңнан астам заңсыз қару тәркіленді
Жыл басынан бері елде 2 мыңнан астам заңсыз қару тәркіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда 2 мыңнан астам заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған", - деп жазылған хабарламада.
20-22 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 188 атыс қаруы, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді.
Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, дейді полицейлер.
Қару. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Алматыда үйден қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды
Жаңалықтар
0