Алматыда үйден қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

© Photo : ДВД АлматыҚару. Архивтегі фото
Қару. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Күдік тудырған заттар сараптамаға жіберілді
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Алматының Жетісу ауданындағы үйлердің бірінен қару-жарақ, оқ-дәрі мен жауынгерлік гранаталарға ұқсас заттар табылды, деп хабарлады полиция.
"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторы патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге күдік тудырған заттарды анықтаған.
"Тексеру кезінде үйден автоматқа ұқсас үш зат, пулемет, гранаталар, тапаншалар, қылыштар, пышақтар және ондаған гильза табылды. Күдік тудырған заттар сараптамаға жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Үй иесінің айтуынша, ол бұйымдарды әр кезеңде интернет алаңдары мен қалалық базарлардың бірінен сатып алған.
Сараптама нәтижесінде заттардың бір бөлігі қару макеттері екені анықталды. Алайда коллекция арасынан нағыз винтовка, атуға жарамды жауынгерлік оқ-дәрілер мен суық қару да табылған.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымға жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0