https://sputnik.kz/20261126/zeynetkerdi-avtobustan-tusirip-zhibergen-zhurgizushi-qamauga-alyndy-68817527.html
Зейнеткерді автобустан түсіріп жіберген жүргізуші қамауға алынды
Зейнеткерді автобустан түсіріп жіберген жүргізуші қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке басқа жолаушылардың наразылығына байланысты барғанын түсіндірді 26.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-26T10:46+0500
2026-11-26T10:46+0500
2026-11-26T10:51+0500
қарағанды
автобус
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54223174_0:119:975:667_1920x0_80_0_0_03b1f9ac885a16e0c4ee17d490ff8eb7.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қарағанды қаласында қарияны автобустан түсіріп жіберген жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл оқиға екі күн бұрын "Шығыс базары" маңайында болған. №45 автобус жүргізушісі егде жастағы жолаушыға дөрекі сөйлеп, автобустан түсуді талап еткен. Осыдан кейін жолаушыға тиесілі көкөністер мен жемістер салынған жәшіктер мен сөмкелерді күштеп жолдың жүріс бөлігіне шығарып тастаған.Соның салдарынан азық-түлік өнімдері жолға шашылып, кейбірі көлік құралдарының доңғалақтарының астында қалған.Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке басқа жолаушылардың наразылығына байланысты барғанын түсіндірді. Ал судья құқық бұзушылықтың кәсіби міндеттерін атқару кезінде жасалғанын, бұл қызмет мінез-құлық мәдениетінің жоғары деңгейін және жолаушыларға, әсіресе егде жастағы адамдарға құрметпен қарауды талап етеді.Автобус жүргізушісінің әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылды. Оны 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға шешім шығарылды.Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20261125/qaragandyda-qariyany-avtobustan-tusirip-zhibergen-zhurgizushi-qamauga-alyndy-68783450.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54223174_0:27:975:758_1920x0_80_0_0_e1c81160fe7d19a8401d71f669f469ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, автобус, зейнеткер
қарағанды, автобус, зейнеткер
Зейнеткерді автобустан түсіріп жіберген жүргізуші қамауға алынды
10:46 26.11.2026 (жаңартылды: 10:51 26.11.2026) Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке басқа жолаушылардың наразылығына байланысты барғанын түсіндірді
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қарағанды қаласында қарияны автобустан түсіріп жіберген жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға екі күн бұрын "Шығыс базары" маңайында болған. №45 автобус жүргізушісі егде жастағы жолаушыға дөрекі сөйлеп, автобустан түсуді талап еткен. Осыдан кейін жолаушыға тиесілі көкөністер мен жемістер салынған жәшіктер мен сөмкелерді күштеп жолдың жүріс бөлігіне шығарып тастаған.
Соның салдарынан азық-түлік өнімдері жолға шашылып, кейбірі көлік құралдарының доңғалақтарының астында қалған.
Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке басқа жолаушылардың наразылығына байланысты барғанын түсіндірді. Ал судья құқық бұзушылықтың кәсіби міндеттерін атқару кезінде жасалғанын, бұл қызмет мінез-құлық мәдениетінің жоғары деңгейін және жолаушыларға, әсіресе егде жастағы адамдарға құрметпен қарауды талап етеді.
Автобус жүргізушісінің әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылды. Оны 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға шешім шығарылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.