https://sputnik.kz/20261125/qaragandyda-qariyany-avtobustan-tusirip-zhibergen-zhurgizushi-qamauga-alyndy-68783450.html
Қарағандыда қарияны автобустан түсіріп тастаған жүргізуші айыппұл арқалады
Қарағандыда қарияны автобустан түсіріп тастаған жүргізуші айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші жолаушыдан автобустан шығуды талап етіп, оның азық-түлік салынған сөмкелерін жолға шығарып тастаған 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T10:53+0500
2026-11-25T10:53+0500
2026-11-25T16:27+0500
қарағанды
жүргізуші
автобус
видео
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55950506_204:130:1080:623_1920x0_80_0_0_a9b45a141003ec3ea014b5d1c04f259f.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қарағандыда қария жолаушыны жүгімен қоса автобустан түсіріп тастаған жүргізушіге қатысты екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Қарағандыда №145 қалалық автобус маршрутының жүргізушісі ауыр жүгі бар қарт жолаушыны мәжбүрлеп автобустан түсіріп, жол үстінде қалдырғаны үшін жауапқа тартылды.Қалалық полиция қызметкерлері 40 жастағы жүргізушіні полиция бөліміне жеткізді."Оған жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 21 625 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Сот шешімі шыққанға дейін жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.Еске сала кетейік, №5 автопарк жүргізушісі автобус салонына ауыр жүкпен кірген зейнеткерді түсіріп тастады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55950506_118:0:1078:720_1920x0_80_0_0_3aea013a7f544302810d757becfb4ace.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, жүргізуші, автобус
қарағанды, жүргізуші, автобус
Қарағандыда қарияны автобустан түсіріп тастаған жүргізуші айыппұл арқалады
10:53 25.11.2026 (жаңартылды: 16:27 25.11.2026) Жүргізуші жолаушыдан автобустан шығуды талап етіп, оның азық-түлік салынған сөмкелерін жолға шығарып тастаған
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қарағандыда қария жолаушыны жүгімен қоса автобустан түсіріп тастаған жүргізушіге қатысты екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағандыда №145 қалалық автобус маршрутының жүргізушісі ауыр жүгі бар қарт жолаушыны мәжбүрлеп автобустан түсіріп, жол үстінде қалдырғаны үшін жауапқа тартылды.
"Жанжал зейнеткердің жүгіне байланысты туындаған. Жүргізуші жолаушыдан автобустан шығуды талап етіп, оның азық-түлік салынған сөмкелерін жолға шығарып тастаған. Дөрекі әрекет салдарынан сөмкелер жыртылып, жаңа піскен алма мен қызанақ асфальтқа шашылған. Кейбірі өтіп бара жатқан көліктер мен автобустың дөңгелегінің астында қалып езілген", - дейді полиция.
Қалалық полиция қызметкерлері 40 жастағы жүргізушіні полиция бөліміне жеткізді.
"Оған жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 21 625 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Сот шешімі шыққанға дейін жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Еске сала кетейік, №5 автопарк жүргізушісі автобус салонына ауыр жүкпен кірген зейнеткерді түсіріп тастады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды.