https://sputnik.kz/20261126/ukimet-aqtobede-ambebap-sport-keshenin-saluga-188-mlrd-tenge-boldi-68810655.html
Үкімет Ақтөбеде әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлді
Үкімет Ақтөбеде әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған 26.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-26T08:36+0500
2026-11-26T08:36+0500
2026-11-26T08:36+0500
үкімет
спорт кешені
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65460903_26:140:1279:845_1920x0_80_0_0_7c9d869ca690bac1f44d02160a2f1754.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады, деп хабарлады Үкімет.Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді.Жалпы Ақтөбе облысында халықтың қажеттілігін 73,2%-ға қамтамасыз етіп отырған 770 спорт нысаны жұмыс істейді.Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың м2 асады. Нысан отандық құрылыс материалдарын пайдалана отырып салынып жатыр. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған.Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін өтеуге, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.Үкімет мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері елімізде 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 69 нысанның құрылысы аяқталды, оның 51-і ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін тағы 52 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өңірдің спорт инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20261112/ukimet-petropavlda-zhana-zhedel-zhardem-stansasyn-saluga-59-mlrd-tenge-boldi-68391000.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/05/65460903_95:30:1192:853_1920x0_80_0_0_4eafdbbb02fe53ec716bdc3d84272e2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, спорт кешені, ақтөбе облысы
үкімет, спорт кешені, ақтөбе облысы
Үкімет Ақтөбеде әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлді
Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады, деп хабарлады Үкімет.
Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді.
Жалпы Ақтөбе облысында халықтың қажеттілігін 73,2%-ға қамтамасыз етіп отырған 770 спорт нысаны жұмыс істейді.
"Соңғы үш жылда өңірде 31 жаңа кешен пайдалануға берілді. Алайда қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктеме әлі де жоғары, бұл тұрғындарға арналған жаттығу бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін шектеп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың м2 асады. Нысан отандық құрылыс материалдарын пайдалана отырып салынып жатыр. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған.
Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін өтеуге, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.
Үкімет мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері елімізде 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 69 нысанның құрылысы аяқталды, оның 51-і ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін тағы 52 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өңірдің спорт инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.