https://sputnik.kz/20261112/ukimet-petropavlda-zhana-zhedel-zhardem-stansasyn-saluga-59-mlrd-tenge-boldi-68391000.html
Үкімет Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлді
Үкімет Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T11:16+0500
2026-11-12T11:16+0500
2026-11-12T11:17+0500
үкімет
петропавл
медицина
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64772084_0:182:3072:1910_1920x0_80_0_0_40497218780e85e3d2a02825831ba273.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Үкімет Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлдіПетропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады.Қазіргі уақытта облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қаладағы 22 бригаданың және ауылдық жерлердегі 14 бөлімшенің жұмысын үйлестіреді. Олар 510 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 шақыртуға шығады. Жыл сайынғы шақыртулар саны 100 мыңнан асады.Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, симуляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж, көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы кіреді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.Жаңа ғимаратта арнайы техниканы, медициналық құралдар мен дәрілік заттарды да сақтауға арналған үй-жайлар қарастырылатын болады.
https://sputnik.kz/20260914/ukimet-aqtobe-oblysynda-zhana-zhedel-zhardem-nysanynyn-qurylysyna-57-mlrd-tenge-boldi-66627583.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/09/64772084_80:0:2811:2048_1920x0_80_0_0_2705aa1e2fbd0df641ffa85ea7f26cd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, петропавл, медицина
үкімет, петропавл, медицина
Үкімет Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлді
11:16 12.11.2026 (жаңартылды: 11:17 12.11.2026) Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Үкімет Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлді
Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады.
"Бұл мақсатқа Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қаладағы 22 бригаданың және ауылдық жерлердегі 14 бөлімшенің жұмысын үйлестіреді. Олар 510 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 шақыртуға шығады. Жыл сайынғы шақыртулар саны 100 мыңнан асады.
Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, симуляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж, көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы кіреді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.
Жаңа ғимаратта арнайы техниканы, медициналық құралдар мен дәрілік заттарды да сақтауға арналған үй-жайлар қарастырылатын болады.