https://sputnik.kz/20260914/ukimet-aqtobe-oblysynda-zhana-zhedel-zhardem-nysanynyn-qurylysyna-57-mlrd-tenge-boldi-66627583.html
Үкімет Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем нысанының құрылысына 5,7 млрд теңге бөлді
Үкімет Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем нысанының құрылысына 5,7 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Барлық нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр 14.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-14T15:03+0500
2026-09-14T15:03+0500
2026-09-14T15:04+0500
үкімет
жедел жәрдем
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49856148_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_cf55af454bbf5993761ee3a7e0848740.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы стансасы салынады.Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады."Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады", - дейді үкіметте.Жалпы осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49856148_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1944d233a0509a2473c9afbc7830ab3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жедел жәрдем, ақтөбе облысы
үкімет, жедел жәрдем, ақтөбе облысы
Үкімет Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем нысанының құрылысына 5,7 млрд теңге бөлді
15:03 14.09.2026 (жаңартылды: 15:04 14.09.2026) Барлық нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
"Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы стансасы салынады.
Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады.
"Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады", - дейді үкіметте.
Жалпы осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.