Президент Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекітті

© PhotoҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері кірді
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.
"Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Тоқаев "Халықтық құрылыс" бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын комиссия құрамын бекітті
Жаңалықтар
0