https://sputnik.kz/20261125/toqaev-khalyqtyq-qurylys-boyynsha-qarazhattyn-zhumsaluyn-baqylaytyn-komissiya-quramyn-bekitti-68781614.html
Тоқаев "Халықтық құрылыс" бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын комиссия құрамын бекітті
Тоқаев "Халықтық құрылыс" бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын комиссия құрамын бекітті
Sputnik Қазақстан
Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T10:04+0500
2026-11-25T10:04+0500
2026-11-25T10:07+0500
президент
құрылыс
бақылау
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61950963_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_6f1234477f4c85078c7001db7ad8c3ec.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлады Ақорда.Президент сәйкес Жарлыққа қол қойды.Мемлекеттік комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша президентке тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
https://sputnik.kz/20261124/toqaev-ayelder-isteri-zhonindegi-ulttyq-komissiyanyn-quramyn-ozgertti-68760964.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61950963_100:0:1180:810_1920x0_80_0_0_2dd916b8b1187f34a0449ed9e38c703f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, құрылыс, бақылау
президент, құрылыс, бақылау
Тоқаев "Халықтық құрылыс" бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын комиссия құрамын бекітті
10:04 25.11.2026 (жаңартылды: 10:07 25.11.2026) Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлады Ақорда.
Президент сәйкес Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
"Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді", - деп жазылған хабарламада.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша президентке тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.